«Шымкентте көкпар ойының көрермені көп»

Oinet.kz 17-09-2025 38

Жуырда Шымкент қаласында көкпар федарациясының президенті Асан Балтабай «денешынықтыру мен ұлттық сапортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Screenshot_8.jpg

Бұл біздің ұлттық спортқа деген құрметті білдіреді. «Көкпар —қазақ халқының ежелгі әрі дәстүрлі ат үстіндегі командалық ойыны. Бұл спорт түрі ер жігіттің ептілігі мен күшін, батырлығын, шабандоздық шеберлігін сынайтын ұлттық мұра.

– Ұлттық спорт көкпар Шымкент қаласында жиі ұйымдастырылады. Оның көрермені де, мықты көкпаршылар да  бізде жетеді. Тек ойын алдында ұлттық спорт жанашыры ретінде насихаттық жұмыста белсенділік қажет, - дейді көкпар федарациясының президенті Асан Балтабай.

Бүгінде көкпар — ұлттық спорт мәртебесіне ие. Қазақстанда түрлі деңгейдегі чемпионаттар, республикалық жарыстар, халықаралық додалар өткізіліп келеді. 2017 жылы елордада өткен Дүниежүзілік этноспорт ойындарында көкпар ерекше ықыласпен қабылданды. Қазақстан көкпаршылары Азия чемпионаттарында да жоғары нәтиже көрсетіп жүр. Қазіргі таңда көкпар ұлттық спорт түрі ретінде Қазақстанда ғана емес, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінде де дамып келеді. Қазақстан чемпионаты, Азия чемпионаты, тіпті дүниежүзілік көкпар біріншіліктері өткізіледі.

Көкпар — қазақтың жаны мен болмысын танытатын төл өнер. Бұл спорт түрі — ел рухын көтеретін, ұлт намысын асқақтататын бірегей мұра. Сондықтан көкпарды ұлықтау — ұлттық құндылықты сақтау деген сөз. Ұрпақ тәрбиесінде көкпар сынды ұлттық спорт түрлерінің орны айрықша екенін ұмытпаған жөн.

Көкпардың мәні мен тарихына шолу жасасақ, «көкпар» сөзі көне түркі тіліндегі "көк бөрі" немесе "көк марқа (лақ)" деген сөздерден шыққан деген деректер бар.  Бұл ойын негізінен мал бағатын көшпелі халықтардың арасында кең таралған. Ертеде көкпар тартып, ерлер өз күшін, батылдығын, аттың мықтылығын көрсетті. Көп жағдайда көкпар батырлар жиналған жиындарда, мерекелерде, ас беру рәсімдерінде ойнатылған. Ойынның тәртібі де қалыптасқан: ойынында екі команда қатысады: жаппай көкпар және командалық көкпар деп бөлінеді. Негізгі мақсат — серкені іліп алып, айқын белгіленген шеңберге (қазанға) апарып тастау.

Шабандоздар ат үстінде бір қолымен лақты көтеріп, екінші қолымен тізгінді ұстап, қарсыластарының шабуылына төтеп береді.

Спорт жанашыры Асан Балтабай көкпар — ұлттық бірліктің, ерлік пен намыстың символы. Ол арқылы жастарды төзімділікке, командалық рухқа, ұлттық рухани құндылықтарға тәрбиелеуге болады»,- дейді.

Ұлттық тәрбиенің қайнарбұлақтары қайдан бастау алады?Ұлттық тәрбиенің қайнарбұлақтары қайдан бастау
Ұлттық өнердің ұйытқысы – Бейісбековтер әулеті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу