Ұлттық тәрбиенің қайнарбұлақтары қайдан бастау алады?Ұлттық тәрбиенің қайнарбұлақтары қайдан бастау
Қазіргі таңда қазақ ұлты үшін жас ұрпақты тәрбиелеу маңызды әрі өзекті мәселенің біріне айналып отыр. «Тәрбие мәселесін қарастырғанда әуелі оның негізгі тіректерін дұрыс бағдарлап алу керек.
Ол нақты, әрі түсінікті болу керек. Әйтпесе қазіргі таңда тәрбие жайлы абстрактылы, бұлыңғыр әңгімелер көп» - дейді Шымкенттік абайтанушы ғалым, п.ғ.к. Ақжол Қалшабек. Ұстаз жас ұрпақты тәрбиелеуде ең негізгі бағдаршам ұлттық рух болу керек деген пайымын айтады. «Ал ұлттық рух дін, тіл, тарих, салт-дәстүр, Атамекен жер» дейді. Соның ішінде тіл туралы былай дейді:
– Тіл - ұлттың маңызды бір бөлігі. Тілсіз халық болмайды. Тілде сол ұлттың бүкіл болмыс-бітімі, рухы қордаланып сақталады. Тіл халықтың зор рухани белгісі. Тілден бас тартқан, өз ұлтынан бас тартады. Бұл ауыр нәрсе. Сондықтан әр жас өз ана тілін қадірлеп, қастерлеп көзінің қарашығындай қорғап, сақтауы керек. Тіл туралы қазақтың қас батыры Бауыржан Момышұлы былай деген: «Ежелден, атам заманнан тіл елдің мәдениет, әдебиеті өсіп-өніп, от басындағы үй тіршілігінен бастап, қоғам, халық, ел-жұрт-тың, жалпы мәдениетінің арнаулы құралы ғылымның атаулы санасы екендігі даусыз. Тіл, адам баласының негізгі қасиеті болғандықтан - тіл байлығы елдің елдігін, жұртшылығын, ғылыми-әдебиетін, өнеркәсібін, мәдениетін, қоғам құрылыстарымен, салт-сана-сының, жауынгерлік дәстүрінің мұрасының қай дәрежеде екенін көрсететін сөзсіз дәлелді мөлшері (мерило).
Тілдің көмегімен өнер білімге, мәдениет ғылымға жетіп, әлемге та-өткен-кеткенмен әлемді танып, өзімізді жұртқа нытамыз, сөйлейміз, оқимыз, жазамыз, өз басымызды, үй ішімізді, қоғам-халықты, ел-жұртты, мемлекетті меңгереміз - сондықтан «өнер алды қызыл тіл» дегендейін, адам баласының байлығында тілден артық не бар. Ана тілінен бірнеше жағдайлар себеп болып ажыраған ел «азғын» ел атанып, кейіннен аты өшіп, ұрпақтары бұршақша бытырап, қардай еріп, құмға сіңген судай, дерексіз жоғалып кеткенін, тарихтан кездестіруге болады. Ондай сормандай ел, бұрынғы кезде аз болмағандығына тарихта дәлелдер аз емес.
«Таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді», «Ат жүйрігі айырады, тіл жүйрігі қайырады», «Сөз жүйесін табады, мал иесін табады».
Өз ана тілін құрметтеу – рухани қажет үшін керек, өзге тілдерді білу – тіршілік қажеті үшін керек.
Ия, ұлы даланың аманатын арқалайтын ұрпақ тәрбиелеу – әрбір ұстаздың, ата-ананың, қоғамның ортақ міндеті. Сол себепті ұлттық құндылықтарымызды ұлықтай отырып, тәрбие ісінде нақты бағыт пен терең мазмұн ұстану – уақыт талабы. Тәрбиесі мықты ұлттың тұғыры берік, рухы асқақ болады.