Қоғам қайраткерін ғылыми тұрғыда зерттеу – ел тарихындағы маңызды кезеңдерді терең ұғындырады

Oinet.kz 16-09-2025 39

Ұлт тұлғаларын ұлықтау – өткенді бағалап, болашаққа бағыт сілтейтін рухани мұрат. Ұлы тұлғалар – елдің тарихы, мәдениеті мен тәуелсіздігінің айнасы. 

Screenshot_5.jpg

Олардың еңбектерін зерттеу, насихаттау және келер ұрпаққа өнеге ету – әрбір азаматтың парызы. Шымкенттің гүлденуі мен өркендеуінде мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың еңбегі ерекше орын алады. Қоғам қайраткерінің өмір жолы мен еңбектерін ғылыми тұрғыда зерттеу – ел тарихындағы маңызды кезеңдерді терең ұғынуға, тұлғаның ел дамуына қосқан үлесін нақты деректермен саралауға мүмкіндік береді.

«А.Асқаровтың мемлекет қоғамдық-саяси қызметіне және соңына қалдырған шығармашылық мұрасына қатысты объективті ғылыми баға беру қайраткер өмір сүрген тарихи кезеңнің тыныс-тіршілігін терең түсінуге ыкпал сөзсіз. Мұндай бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін көпшілік қауымға ұсына отырып, еліміздің жеткіншектерін отансүйгіштікке, ұлттық жасампаз рухта тәрбиелеу үшін игі әсерін тигізері айқын.

А.Асқарұлы Жамбыл, Алматы, Шымкент қалаларының ғылыми-техникалық негізін нығайтуға, мәдени-әлеуметтік даму жеделдетуге, экономикалық қуатын арттыруға ерекше назар аударып, оны іс жүзіне асыруда баскару шеберлігін танытқан қайраткер. Бұл ретте оның қоғамдық және мемлекеттік қызмет катысты зерттеу мәселесі тақырыптың маңыздылығы мен өзектілігін арттыра түседі, - дейді Әуезов универсиетінің ғалымы Ж.Белгібай. 

Ал ғалым  М.Ниязбекова А.Асқаров әдебиет, өнер бағытында шығармашылықпен айналысқан зиялы қауым өкілдерін мойындатқан  тұлға екенін тарихи оқиғалардан жақсы білеміз дейді.

– Жамбыл, Алматы, ауыр да жауапты болғаны сөзсіз. Өйткені, облыстардың өндірісін, ауыл шаруашылығын, мәдениет, білім денсаулық сақтау салаларын үйлесімді басқару, олардың даму барысын қадағалау, әлеуметтік мәселелерін шешу әрине үлкен жауапкершілік пен біліктілікті қажет етті. Бұл ретте А. Асқарұлы комсомол, партия жұмыстарының барлық сатыларынан абыроймен өтіп, саяси қызметінде тек қана ілгерілеуде болған қайраткер ретінде танылды. Десек те әрбір саяси қайраткер қоғамда атқарған кызметіне қарай емес, халқының шынайы құрметіне бөленуіне байланысты ғана жеке тұлғаға айналуы тиіс. Міне, осы тұрғыдан қарайтын болсақ, А. Асқарұлы қарымды қайраткерлігімен қатар адамгершілік касиеттерін де қастерлеп сақтай білген ұлтымыздың көрнекті тұлғаларының біріне айналды. Асанбай Асқарұлы - қазақ елінің тарихында өнегелі қасиеттерімен өз есімін қалдырған ірі тұлға екендігін халқына жасаған кез-келген нақты істері дәлелдейді. Кең ауқымда ойлайтын, қалыптасқан қайраткер ретінде өзінің еліне, халқына адал кызмет етті. Сондықтан да халық жадында мәңгі сақталатындығы ақиқат, - деп мөзін түйіндеді.

Ұлттың ұлы тұлғасын ұлықтау – ұлттың өзін тануы. Бұл үрдіс ұлттық сана мен рухты көтеріп, жастардың елжандылық қасиеттерін қалыптастырады. 

«Ұлылардың ұрпағымен жүру қандай ғанибет»
Тәрбие – ұлттық құндылықтың өзегі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу