Қазақ этнопедагогикасы негізінде тәрбие берудің маңызы зор
Қазіргі таңда ұлттық құндылықтарды ұлықтау, жас ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеу – білім беру жүйесінің маңызды бағыттарының бірі.
Осы орайда, Шымкент қаласының жоғары оқу орындарының оқытушылары қазақ этнопедагогикасының қағидаттарын білім беру процесіне енгізу арқылы патриоттық тәрбие берудің тиімді жолдарын қарастырды.
Қазақстанның оқу орындарында студенттерге халқымыздың тарихы мен мәдениетін, сондай ақ халықтың батыр ұл-қыздарының ерлік істерін назарға алу, жастарды патриоттық тәрбиелеудің және оны қазіргі жағдайда зерттеудің қажеттілігі арта түседі, - дейді М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ оқытушысы А.Тұрсынбаева. Ұстаз «Қазақ этнопедагогикасының патриоттық тәрбие берудегі негіздері» атты факультативтік курс жүргізілсе деген ұсыныс айтты.
–Ұлттық патриотизмді қалыптастыруда салт-дәстүрдің атқаратын орны ерекше. Ұлттық патриотизм дегеніміз – ең алдымен қазақ халқына сүйіспеншілікпен қарау, оның ұрпақтан-ұрпаққа үзілмей жалғасып келе жатқан құндылықтарын бойына сіңіру. Тереңірек пайымдасақ, мұның өзі ұлттарды ұлықтауға бағытталып, ілгеріде жүргізілген кереғар ұлт саясатының кесірінен ұмытылып қалған дәстүрлердің жаңғыруы ұлттық патриотизімін кұшейте түсу. Жоғары оқу орындарында студенттерге қазақ этнопедагогикасы негізінде патриоттық тәрбие беру ісінің маңызы зор. Өйткені егеменді ел болған соң елдің елдік белгісі ұлттық патриотизм тәрбиесі айқын көрінуі тиіс, - дейді оқытушы.
Саланы зерделеп жүрген оқытушы қазақ этнопедагогикасы өркениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген ғылым дейді. «Сондықтан студенттер ұлттық патриотизмммен сусындасын десек, қазақ этнопедагогикасы негізінде патриоттық тәрбие берудің тарихын жүйелі талдап, зерттеп, жоғары оқу орындарында патриот студенттер тәрбиелеуде енгізілуі керек. Ұлттық патриоттық білім беру құралдары болып саналады: ұлттық тіл, ұлттық әдеп-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер, ауызекі халық шығармашылығы, тарих, сәндік қолданбалы өнер, ұлттық ойындар» деді зерттеуші-ғалым.
Қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, халық ауыз әдебиеті мен отбасылық тәлім-тәрбие үлгілері – этнопедагогиканың басты арналары болып табылады. Оқытушылар осы бағыттағы жұмыстарды сабақ мазмұнына кіріктіріп, студенттерге ұлттық болмысты терең тануға, ел тарихы мен мәдениетіне құрметпен қарауға үйретуді көздейді
Мұндай бастама студенттердің ұлттық сана-сезімін оятуға, туған еліне деген сүйіспеншілігін арттыруға және ұлт мұрасын дәріптеуге зор ықпал етері анық.