Тіл арқылы ұрпақ тәрбиеленіп, болмыс қалыптасады

Oinet.kz 06-09-2025 36

Шымкент қаласында жоғары оқу орындары, білім мекемелері, тілдерді оқыту орталықтары тіпті, тіл курстарында оқытушылар мемлекеттік тілді оқытудың иннвациялық әдіс-тәсілдерін қолдануда. 

Screenshot_7.jpg

Әдістемелік құралдардан бөлек, тілді оңай үйретуге көмектесін  платформалар, арнайы қосымшаларын тіл үйренушілер пайдасына жаратуда. Жалпы, тіл – тек қатынас құралы ғана емес, ол – ұлттық сана мен дәстүрдің, салт-сананың, тарихи жадтың айнасы. Тіл арқылы ұрпақ тәрбиеленіп, ұлттық болмыс қалыптасады. «Мемлекеттік тілді оқытудың деңгейі қалай деген сауалға» Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің оқытушысы Қарлығаш Үсенқұлова қазіргі таңда кәсіби-техникалық саланың мамандарын даярлайтын оқу орындарында «Қазақ тілі» пәні жүйелі түрде оқытылып отыр. Бұл пәннің басты мақсаты -- студенттердің тұлғалық және кәсіби жағынан қалыптасуына оң ықпал ететін коммуникативтік компетенциясын (тілдік, әлеуметтік-мәдени) дамытуға көмектесу болып табылады, - дейді.

– Өз тәжірибемде сабақты дәстүрлі қалыптан тыс жүргізіп, рөлдік ойындар, қызғылықты лекциялар, пікірталастар, әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, терминологиялық диктанттар жазуды ұйымдастырамын. Мәтіндермен жұмыс істеп, лексиканы меңгеруге үндеймін. Мұндай сабақтар студенттердің тіл үйренуге деген қызығушылығын арттырып, көзқарасын кеңейтіп, танымдық қызметін дамытуға оң ықпал ететін болады. Оқу барысының нәтижесі бойынша студенттер грамматиканы, сөйлем құрау жөніндегі стилистиканы, лексикалық материалды қолданудың ерекшеліктерін оқып-үйренетін болады. Осы пән бойынша оқу-әдістемелік материалдардың жетіспеушілігіне байланысты туындаған проблемаларды шешуге мүмкіндік беретін жаңа озық әдістерді қолдануға талпынамын. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, сабақ барысында қызғылықты, көкейкесті, қолжетімді мәтіндерді қолдану арқылы қазақ тілін кәсіби деңгейде оқып-үйренуге болатынын аңғарамыз. Тілдің тағдыры – баршамыздың қолымызда. Тіл – адамдар арасындағы қарым-қатынастың аса маңызды құралы ғана емес, ойлаудың, дүниетанымның, рухани мәдениетті жасаудың ұлттық ұжымдық тәрбиесін жинақтаудың, сақтаудың құралы. Жас ұрпақты тәрбиелеу, оларға ғылым мен білімді үйрету тіл арқылы жүзеге асады, - дейді ұстаз өз тәжірибесімен бөлісіп. 

Тәуелсіз елімізде мемлекеттік тіл – қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оның қолданыс аясын кеңейту – баршамыздың ортақ парызымыз. Әр азамат өз ана тілін ардақтап, оның қадір-қасиетін түсіне білсе, ұлттық рухымыздың асқақтай түсері анық. Тіл – елдің жүрегі, рухтың үні, ұлттың коды. Оны қастерлеу – өткенге құрмет, келешекке аманат.

«Қазақи отбасылық дәстүрді жандандыру қажет»
Ұлт тұлғасына құрмет көрсетіліп, рухани қазынамыз ұлықталады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу