«Қазақи отбасылық дәстүрді жандандыру қажет»

Oinet.kz 06-09-2025 38

Отбасы – адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Бүгінде бала тәрбиесі тек ата-ананың ғана емес, тәрбиеші мен ұстаздардың да басты міндеттерінің бірі болып отыр. 

Screenshot_6.jpg

М.Әуезов атындағы ОҚУ "Басқару және бизнес" жоғары мектебінің деканы,э.ғ.к., доцент Сейдахметов Марат Қанымбекұлы «бала жақсы адам болып өсуі үшін ол күн сайын отбасы мүшелері арасында ең жарасымды, ең әділетті қарым-қатынастың куәсі болу керек» деген пікірде.

- Бала тәрбиесінде отбасының негізгі міндеті – баланы еңбек етуге, жарқын сезімдер мен нұрлы мұраттарға тәрбиелеу және адамадар арсында өмір сүре білуге үйрету. Бұл қасиетердің бәрі  негізінен отбасы-ошақ қасында  қалыптасып, нығаяды. Мұнда әсіресі, отбасындағы ересек адамдар өздерінің жеке бастарының өнегелері арқылы балалардың бойында сезімдерді қалыптастырады.  Өз ата-анасын сыйлап, құрметтеп үйренген бала өзге ата-аналарды да құрметтей біледі, қашан да үлкендер алдында өзін дұрыс ұстап, құрметпен қамқорлық таныта біледі. Бала тәрбелеу оңай жұмыс емес, ол үлкен шеберлік пен шыдамдылықты талап етеді. Сондықтан халық өмір есігін енді ғана ашқан бөбек тәрбиесін бесіктен бастаған. «Балаға білім беру үшін, ең алдымен оны тәрбиелеген жөн, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың хас жауы деген» дүниежұзілік білім мен мәдениеттің екінші ұстазы атанған данышпан, ойшыл-ғалым Әбу Насыр әл-Фараби, - дейді М.Сейдахметов.

Әлемдік жаһандану үдерісі де жастарға өз әсерін тигізбей қоймады. «Жеткіншектерімізге батыстың үлгісі таңсық көрініп, жастарымыз солардың мәдениетіне ұмтылып жатқаны жасырын емес» деген ұстаз бұдан шығар жолды ұлттық дәстүріміз дегенді алға тартты.

- Қазақи отбасылық дәстүрді қайта жандандырып, халық қағидаларына қараймыз. Олардың отбасын құруда ұстанатын басты шарты: Анасын көріп, қызын ал, аяғын көріп, асын іш» немесе Алып анадан, ат биеден туады», «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» деген өмірлік тәжірибеден алынған үрдіс. Бұл дегеніміз болашақ жар, болашақ отау иесі тәрбиелі анадан, тәлімді әкеден үлгі-өнеге алып, өзінің өмір жолында ғұмыр бойы сол үлгіні ұстанады, деген сөз. Отбасы ролін көтеру үшін ең алдымен жастардың рухани-адамгершілік мүмкіндіктерін дамыту мен жаңғырту жолында бағытталған жүйелі шаралар аса қажет, - деген ұстанымын жеткізді. 

Отбасы мәселелерін шешу тек мемлекеттік деңгейде емес, бүкіл адамзаттық қоғамның тікелей қатысуымен шешілуі керек десек орынды. Сонда ғана демократиялық және нақты әлеуметтік даму бағыты бар мемлекеттің өркендеуін қамтамасыз ете аламыз.

Қазақ халқының шежіресі арқылы жастарды тәрбиелеу
Тіл арқылы ұрпақ тәрбиеленіп, болмыс қалыптасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу