Қазақ халқының шежіресі арқылы жастарды тәрбиелеу

Oinet.kz 06-09-2025 38

Қазақ халқының шежіресі – тек ата-тектің тізбесі ғана емес, ұлттың рухани құндылықтары мен өмір сүру дағдысын бойына сіңірген даналық мектебі. 

Screenshot_5.jpg

Ұрпақ тәрбиесінде шежіре үлкен маңызға ие. Себебі, ол арқылы жас ұрпақ өзінің тегін, руын, шыққан жерін, ата-бабасының ерлігін, салт-дәстүрін, ұрпақтар сабақтастығын таниды. Осы тақырыпта Шымкент қаласындағы қоғамдық өмірде белсенді болып жүрген аға буын мен жастардың арасында сауалнама жүргізіп көрдік.

Ұлағатты ұстаз Сабираш Әбдіраймова шежіре – ұлтты біріктіретін, тамырын тереңге жайған мәдени негіз. Жастарды шежіре арқылы тәрбиелеу – оларды ар-намысты, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете алатын, елін сүйетін тұлға ретінде қалыптастырудың тиімді жолы.  Шежіре айту дәстүрі – отбасында, ауылда, алқалы жиындарда қолданылып, жас буынның тарихи санасын оятуға ықпал етеді. Бұл арқылы ұлттың өткенімен мақтану, болашаққа сеніммен қарау қалыптасады.  Шежіре тек өткенді еске алу емес, ол – ұлттың рухани тірегі, тәрбиенің бастауы. Сондықтан жастарға шежіре үйрету – олардың бойына ұлттық сана мен рух дарытудың сенімді құралы» - дейді.

Ал қаламыздың белсенді жасы Е.Анарханұлы «Жеті ата институты қазақ халқының сан ұрпағын сабақтастырып отырған тарихымыз. Шежіренің тәрбиедегі мақсаты – дүниеге келіп жатқан ұрпақтардың «біз кімбіз, қайдан келдік, ата-тегіміз қандай» деген сауалдарына жауап береді» десе, ғалым Б.С.Сейдахметов «Шежірені тарих ғылымының бір саласы деп қарау керек. Оқушыларды шежіре бастаулары арқылы тәрбиелеу – ата-баба дәстүрлерін қадірлеуге, ата-анасын, туыстарын сыйлауға үйретеді. Ізеттілігі, әдемптілігін қалыптастырады. Мейірімділікке, қонақжайлылыққа, өзгелерге жақсылық жасауға баулиды.Осы ғасырдың 20 жылдары шежіреге қатысты алғашқы ғылыми зерттеулер дүниеге келе бастады. Бқл орайда Петербор институтын бітірген темір жол инженері бола тұра, қазақ тарихы жөнінде тамаша еңбектер қалдырып кеткен М.Тынышбайұлының 1925 жылы Ташкентте басылған  «Қазақ халқының тарихына қатысты материалдар» деген кітабы осы мақсаттағы алғашұы талпыныс болып еді. «балапан басымен, тұрымтай тұсымен» кеткен аласапыран заманда қазақ шежіресіне қатысты зерттеулерге ұзақ уақыт тұмылдырық салынды» деген пікірімен бөлісті. 

Қазақ халқының тарихын, ру-тайпа таралымын, ел ішіндегі оқиғаларды ауызша жеткізіп отырған көреген жандар шежірешілер деп аталған. Олар ұрпақтың тегін, жеті атасын, шыққан тегін жете білетін, сөзге шешен, жадында сақтауы мықты адамдар болған. Шежіреші – тек ата-тек таратушы емес, ол – этнограф, тарихшы әрі рухани көшбасшы. Бүгінгі таңда да шежірешілер еңбегі – тарихи-мәдени мұраны жаңғыртуда, этникалық сана мен ұлттық болмысты сақтауда маңызды. 

Мәдени мұралар дәріптелген мектеп
«Қазақи отбасылық дәстүрді жандандыру қажет»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу