«Елдің елдігін тарихы, әдебиеті мен салты сақтайды»

Oinet.kz 05-09-2025 38

«Тәрбие негізінде берілмеген жалаң білімнің қатері болатындығын кезінде Әл-Фараби бабамыз айтып кеткен. Бұл мәселе күні бүгінге дейін күн тәртібінен түскен емес. 

Screenshot_2.jpg

Ол әсіресе қазіргі жаһандану үрдісінде алдыңғы кезекке шығарылып отыр. Сондықтан да ұлттық тәрбие мен ұлттық білім беру жүйесінде қатар алып ғана қоймай, әлемнің алдыңғы қатарлы елдерімен иық тірестіруге дәрежесі сай бола алатын маман тәрбиелеуді қолға алған тәлімгердің тәлімді ойлары мен бастамалары құптарлық». Бұл педагогикада еңбек етіп, ұрпақ тәрбиесіне зерттеу-зерделеу жасап жүрген Шымкент ғалымы Д.Тургенбаеваның пайымы.

– Бүгінгі жас – ертеңгі ел басқарар азамат. Тәрбиенің мақсаты – елдік сананы қалыптастырып, ұлттық рух пен ұлттық патриотизмді дәріптеу, ұлтсыздықпен күресу. Сондықтан тәрбиенің жүзеге асу технологиясында ұлттық тәрбие негізге алынуы тиіс. Бүгінгі әлемдегі жаңа Қазақстанды, оның жаңа ұрпағын қалыптастыруда интеллектуалдық секіріс сөзсіз қажет, - дегенді алға тартты оқытушы. 

Оның айтуынша, тәрбие жалаң болмауы тиіс. Жалаң тәрбие қауқарсыз. Тәрбиеде сондай үрдістің жол бермеу баршамызға ортақ іс екенін, мұнымен кұресі жұмыла әрекет етуді қажет етеді. «Кез-келген адамды тәрбиелеудің ұлттық негізі болуы керек. Сонда ғана тәрбие шынайылыққа айналады» деген қөзқарасы қоғамда болып жатқан жәйттерден хабардар береді.

«Елдің елдігін, оны тарихы, әдебиеті мен салты сақтайды» деген ұғымды бастау етіп алатын болсақ, ұлттық патриотизмге тәрбиелеу үрдісін шартты түрде мынадай іс-шараларға бөлуге болады. Ол тілді құрметтеу, ұлттық салт-дәстүрді зерделеу, елдің тарихы мен мәдениетін оқып-зерттеу, ата-бабалар өсиетін орындау және жер байлығы мен табиғатты қасиеттеу» - деген ғалым жастарды отбасында, білім ұясында рухани осындай құндылықтарды санаға сіңіруінде бірлесе әрекет етуге үндейді.

Нарықтық бәсекеге негізделген жаһандану дәуірінде ұлттық салт-дәстүрімізді, сана-сезімімізді, төл болмысымызды сақтап қалу – аса маңызды міндет. Өзге мәдениеттермен біте қайнасып кетпеу, ұлттық құндылықтарымызды жоғалтпау үшін болашақ ұрпаққа бағытталған тәрбиені бүгіннен бастағанымыз жөн. 

Осы мақсатта Шымкент қаласында ауқымды жұмыстар қолға алынуда. Балабақшадан бастап мектептерге, жоғары оқу орындары мен колледждерге дейін ұлттық тәрбиеге басымдық беріліп келеді. Белгілі тұлғаларды ұлықтау, олардың еңбектерін жас ұрпаққа насихаттау, халқымыздың дәстүрлерін жаңғырту бағытында тәрбиелік мәні зор жобалар мен кездесулер ұйымдастырылады. Сонымен қатар туған жерге, табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында «Таза Қазақстан», «Таза қала – менің қалам» сынды экологиялық акциялар жүйелі түрде өткізілуде. 

Бұл жұмыстар – жастардың бойына ұлттық рухты сіңірудің, елге деген сүйіспеншілік пен жауапкершілікті арттырудың жарқын үлгісі.

«Ұлттық тәрбие жастардың рухани иммунитеті болуы тиіс»
«Салт-дәстүр – халықымыздың рухани мәдениетінің айнасы»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу