«Ұлттық тәрбие жастардың рухани иммунитеті болуы тиіс»

Oinet.kz 05-09-2025 35

Жаһандану заманында ұрпақ  тәрбиесі – өзекті әрі күрделі мәселе. Ұлттық тәрбие – ұрпақтың ана тілін, ділін, дінін, салт-дәстүрін, рухани құндылықтарын бойына сіңіру арқылы қалыптасатын тұлғалық тәрбие. 

Screenshot_1.jpg

Жаһандану заманы жастардың санасына түрлі мәдениеттер мен құндылықтарды сіңіріп жатқан шақта, ұлттық тәрбие олардың рухани иммунитеті болуы тиіс. Бұл бағытта Шымкентте педагогика саласындағы ғалымдардың да ізденістері бар.

– Жаһандану заманында біз елдігімізді, мәдениетімізді, тілімізді сақтай аламыз ба? Жалпы мәдениттің өзі екі жолмен пайда болады. Біріншісі, дүниетанымнан келіп шығатын, екіншісі, - ғылыми-техникалық дамудан келіп шығатын мәдениетү біз батыстан ғылым мен техниканың дамуынан келіп шыққан мәдениетті алуымызға болады. Жаңа ғасырдың жастары озық технологияның барлық қыр-сырын білуі тиіс. Мұны меңгерімен біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз. Ұлтымыздың болмысында біткен асқар таудай биік, өмірдің бар асылына бергісіз, сан ғасырлық ғажайып, бірегей мәдениеті бар. Тіл – мәдениеттің құрылымдық элементі, мәдениетің болу шарты әрі ең жоғары құндылығы. Сондықтан тілімізге қамқор болу – мәдени мұрамызды түгендеудің тағы бір жолы, - дейді Әуезов университетінің оқытушы-ғалымы Д.Тургенбаев.

Ғалымның айтуынша, қазіргі жастардың негізгі мақсаты – ана тілінде сөйлеу арқылы оның өміршеңдігіне қол жеткізу. Сол арқылы келешекке біртұтас ұлт, рухы биік халық ретінде жол тарту.

Бүгінгі жастарға тәлім беруде мектеп пен отбасы тәрбиесінде ұлттық код, ұлттық болмыс басты негіз болуы керек деген пайым айтылуда. Бұл бағытта білім жүйесінде нақты жұмыстар да атқарылуда. Расында қазақтың ұлы тұлғаларының өмірі мен шығармашылығы, халықтың тарихы мен мәдениеті тәрбие құралына айналуы қажет. Сонда ғана жастар заман талабына сай білімді, бәсекеге қабілетті, әрі ұлттық құндылықтарын қадірлейтін азамат болып қалыптасады. Бұл ғалымның пікірі.

– Бұл ұмытылыста қазақ елінің мәңгілігі туралы идея тәуелсіз мемлекетімізде жетекші ұлттық санаған айналуы керек деп қараған дұрыс. Ол үшін ұлттық тәрбиеге арқа сүйеудің қажеттілігі орын алады. Ұлттық тәрбие өзара тығыз байланыста екі бастаудан нәр алатынын көрсетеді. Оның біріншісі, қазақ халқының мәдениеті мен өнерінде, салт-дәстүрінде, тілі мен ділінде, сенім-нанымында көрініс беретін арман-аңсары. Екіншісі, білім арқылы тәрбиелеудің әлемдік озық үлгілерін пайдаланғанда ғана бәсекелестікке қабілетті ұрпақ тәрбиелей аламыз. Ол үшін жастарымызға терең білім берумен қатар, оларды ұлтжанды, интеллектуалды азамат етіп тәрбиелеу керек. Ұлттық тәрбиені дамытудың ғылыми негізделген тұжырымдамасын жасау кезек күттірмейтін мәселе. Ұлттық тәрбие – адамды ойлануға үйретеді, белгілі бір ұлттың мүшесі екенін терең сезіндіреді. Санада сілкініс тудырады, содан кейін барып, жалпыадамзаттық қоғамға лайық орнын белгілеуге ұмтылдырады, - дейді Д.Тургенбаев.

Мемлекет басшысы маңызды кездесулер өткізді
«Елдің елдігін тарихы, әдебиеті мен салты сақтайды»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу