Түркістан – түркі әлемінің келіссөз орталығы
23-04-2025
Құрылыс саласы Президент Жолдауының негізгі бағыттары. Өйткені құрылыс барлық салаға қатысты. Халықты тұрғын үймен қамту, жол-көлік логистикасы, таза ауыз су, көгілдір отын жеткізу мен индустриалды аймақтардың да дамуы осы құрылыс саласына тікелей байланысты.
Отырар ауданында құрылыс нысандары аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының өз бақылауында.
-Президент тапсырмасымен ауданымызда қолға алынған жобалар көп. Соның ішінде «Жайлы мектеп» жобасы, «Нұрлы жол», «Баспана» тағы басқа да көптеген бағдарламалар мен жобалар бар. Бүгінгі күні құрылыс жұмыстарының ауқымы бойынша ауданымыз алдыңғы орындарда тұр. Бүгін аталған саладағы құрылыс жұмыстары аймақ басшысы Дархан Сатыбалдының жеке бақылауында. Оның бұлайынша бақылауда болуының да өзіндік себебі бар. Өйткені әрбір әлеуметтік нысанның артында халықтың сұранысы мен тілегі тұр. Алдымен жауапты басқарма, аудан, қала әкімдері құрылыс барысын қадағалап, уақтылы тапсырылуына барынша жағдай жасауда. Сонымен бірге басқарма мен аудан және қала әкімдері де құрылысқа жауапты мердігерлердің күнделікті жұмысын қадағалап отырады. Мен де Отырар ауданында жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарын өзм аралап, мердігерлермен сөйлесіп отырамын. Мәселен, осы салаға жауапты мамандарымен бірге бірқатар құрылыс нысандарын аралап, жоспарлы жұмыстардың орындалу барысымен таныстым. Аралау барысында аудандық мәслихат депутаттары Нұржан Орынбасар, Асан Аралбай, Бекзат Тукеев құрылыс нысандарында болып, атқарылып жатқан жұмыстарды көрді. Мердігерлерге ескертулер жасалып, тапсырмалар берілді, - дейді аудан басшысы.
Мәселен, Қоғам ауыл округі Мыңшұңқыр елді мекеніндегі балалар ойын алаңшасы мен Талапты ауыл округі Ынталы елді мекеніндегі спорт алаңшасының құрылыс жұмыстарымен танысқан аудан әкімі белгіленген мерзімге дейін тиісті жұмыстарды атқару керектігін айтып, жауапты сала басшыларына бақылауда ұстап, орындалуын қадағалауды жүктеді. Сондай-ақ, Шәуілдір ауылындағы ойын алаңшаларын көрген аудан басшысы мердігер мекемелердің өкілдеріне жөндеу жұмыстарын сапалы атқаруды және белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
Аудан басшысы жөндеу жұмыстарына қатысты жауапты басшылар мен мердігер мекемеге өкілдеріне пайдаланылған құрылыс материалдарының сапасы бойынша бірқатар ескертпелерді атап өтіп, атқарылған жұмыстардың нәтижесі қанағаттандырарлықсыз жағдайда екенін ескертті.
- Әрбір жүктелген жұмыстарға жауапкершілікпен және жанашырлықпен қарау керек. Ел игілігі үшін атқарылып жатқан шаралар бақылауда болатынын ескертемін. Бастысы – құрылыс жұмыстары сапалы әрі белгіленген кестеге сәйкес аяқталуы тиіс, - деді аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы.