Балалар қауіпсіздігі - басты назарда

Oinet.kz 21-12-2024 32

image.png

Әр бала бақытты, қауіпсіз шаққа лайық. Осы бағытта Түркістан облысы білім басқармасы басшы орынбасары төрағалығымен Түркістан облысындағы білім беру ұйымдарының қаупсіздіктерін алдын алу бойынша мәжіліс өтті. 

Мәжіліске Түркістан облысы білім басқармасы, Түркістан облысы полиция департаменті, Түркістан облысы білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті, Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы, Білім басқармасына қарасты білім беру ұйымдарының басшылары мен жауапты мамандары және облыстағы жекеменшік білім беру ұйымдарының басшылары қатысты. 

Алғашқы сөз кезегі Түркістан облысының білім басқармасының құрылыс және материалдық техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бөлім басшысы Азамат Тангатаров Асылбекұлына берілді. 

– Балаларымыз - ел болашағы, өміріміздің жалғасы, сондықтан оларды әр түрлі төтенше жағдайлардан қорғау әр адамның міндеті деп санаймын. Жалпы білім беру ұйымдарының негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, білімді азаматты тәрбиелеу. Бала да жас терек сияқты, қалай тәрбиелесең, ертең есейгенде жас кезіндегі алған тәрбиесі өміріне негіз болмақ. Сондықтан облыстағы білім беру ұйымдарындағы балалардың қауіпсіздігін сақтауды ең бірінші орынға қоюымыз қажет. Бала қауіпсіздігі – бәрінен маңызды,-деді.

Аталған іс-шара шеңберінде балалардың қауіпсіздігі және оларды оқыс оқиғалардан қорғау жолдары туралы баяндамалар оқылып, қауіпсіздік ережелерін түсіндіру және осы ережелерді күнделікті өмірде сақтай білу бойынша жан-жақты түсіндірілді. Осындай жоғары деңгейде ұйымдастырылған іс-шаралар балалардың қауіпсіз ортасын қамтамасыз ету жолында атқарылып жатқан маңызды қадамдардың бірі болып табылады.

Сайрамда «Ауыл аманаты» бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда
Жас пен кәріге де жұмыс бар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу