Сайрамда «Ауыл аманаты» бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда

Oinet.kz 20-12-2024 8

image.png

Мемлекет басшысы елімізде шағын және орта бизнесті дамыту керектігін және ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын, табысын  арттыру қажеттігін айтқан болатын. Бұл бағытта ауыл тұрғындарының табысын артыруға елімізде жүзеге асып жатқан түрлі ұлттық жобалар септігін тигізуде. 

Сайрам ауданы Жібек жолы ауылдық округінде ауылшаруашылығы қарқынды дамып келеді.  Тұрғындары кәсіпке бейім шаруашылыққа жақын Сайрам ауданындағы Жібек жолы ауылдық округі үш елді мекенді біріктіріп отыр. Мұнда алты мыңнан аса халық қоныстанған. Ауылдарда тұрғындар еңбекқорлығымен ерекшеленеді. Барлық өңірлердің үйлесімді дамуы ел ішіндегі теңсіздікті азайтып, біртұтас ұлттық экономикалық жүйес қалыптастырады.  

«Жібек жолы ауылдық окрігі үш елді мекеннне тұрады. Машат, Жібек жолы және Сиқым ауылы. 6060 адам өмір сүруде. 12 ұлт өкілдерінен құралған.  Ауылда 3 мектебіміз, 4 бала бақшамыз бар. Оның 1-еуі мемлекеттік болса, 3-еуі жеке меншік  болып табылады. Биылғы жылы ауылымызда біраз тірліктерді атқардық. Машат ауылында «Школьный» мен «Алмазный» көшелерінің бойындағы электр бағаналары ауыстырылды. Әлішер Науаи мен Абдукаримов көшелерінде де электр бағаналарын жаңарттық. Жібек жолы көшесіне жаңа трансформатор орнаттық. Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін ауылдағы біраз көшелерді жарықтандырдық. Басқа да жобаларымыз көп. Ауылдарымыз жылдан жылға көркейіп келеді»,- дейді  Жібек жолы ауылдық округі әкімінің орынбасары Талғат Серікұлы.  

Ауылшаруашылығы кез-келген елдің экономикасының маңызды саласы. Ол елді азық-түлікпен қамтамасыз етіп қана қоймай халықтың әл-ауқатын жақсартуға, өңірдің экономикасын дамытуға және экспорттық әлеуетті артыттурға үлес қосады. Осы бағытқа басымдық берген Жібек жолы ауылдық окрігінің халқы мал бордақылау мен егіншілікпен айналысады. 

 «Біздің ауылдардада негізінен ауылшаруашылығы жақсы дамыған. Оның ішінде егіншілік және мал бордақылау ісі. Алдыңғы жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 50 адам несие алды. Жалпы сомасы 285 миллион ттеңгені құрайды. Жобалрадың көбісі сауынды сыирлауды бағу және мал бордақылау және егін егу кәсіптері құрайды. Мен 2010 жылы ауылдық әкімдікке іс жүргізушісі қызметіне кірістім. Сол кезде 190-ға жақын атаулы әлеметтік көмек алатын отбасы бар еді. Ал биылғы соңғы тоқсанның қорытындысы бойынша небәрі 26 адам көмек алады. Бұл ауыл тұрғындарының әлеуметттік-тұрмыстық жағдайының жақсарып, кәсңпкерліктің кең қанат жайып отырғандығын білдіреді.  Міне, 12 жылдың ішінде атаулы көмек алушылардың саны еселеп төмендеген»,- дейді ауыл әкімінің орынбасары.  

Ауыл тұрғындарының табысын арттыру мақсатында Сайрам ауданы бойынша «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында бірінші кезеңмен жағдайы төмен және ауыл аруашылығына қолайлы деп танылған Ақбұлақ және Жібек жолы ауылдық округтері ұсынылған. сүт пен құс шаруашылығын дамыту бағытында «Ақбұлақ-ӨНІМДЕРІ» және «Қазақбай ДИЯ» ауыл шаруашылық өнеркәсіп кешендері ашылды. Бұл кешендерде құс шаруашылығы, мал шаруашылығы, оның ішінде сүт өндірумен мал бордақылау бағыттары қосылды. құрылған кооперативтер тарапынан өзге облыстардан ірі қара малдарды әкелуді ұйымдастырып, кооператив мүшелеріне үлестіру жұмыстарын жүргізе отырып, мүшелер тарапынан өндірілген өнімдерді Ақбұлақ, Жібек жолы ауылындағы сүт өнімдерін «НатурПродукт» ЖШС-і зауытына, ет өнімдерін «ЕТ-АГРО Манкент» ЖШС-іне, құс етін «Алма» АШӨК-не өткізу жоспарлануда.  

Ал, Жібек жолы ауылдық округінде құрылған «Қазақбай ДИЯ» кооперативінің құрамына кіріп, несие алуға 96 азамат ниет білдірген. Оның ішінде 15 азаматтың құжаттары облыстық «Ырыс» микроқаржы ұйымына тапсырылып, ішіндегі 1 азаматқа 5,4 млн. теңгеге несие қаралды.  Облыс әкімінің тапсырмасымен ауыл шаруашылығы саласынан басқа да бағыттарды несиелендіру қажеттігі тапсырылған болатын. Тұрғындардң тұрмыс тіршілігін арттыру көзделген ауылда кәсіпкерлік нысандар мен инфрақұрылым мәселесі де өз шешімін табуда. 

«Округтің жалпы аумағы 6777 гектарды құрайды. Оның 474 гектарға ауыл-аймақтар орналасқан. 4200 гектар ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер. Оның ішінде 2660 гектар егістікке арналған болса, 1500 гектар жайылымдық жерлер. Ауылдарға келетін «Аққала» каналы бар. Жарты бөлігі 2011 жылы бетондалған, енді қалған бөлігін бетондауға ұсыныс беріп жатырмыз.  Каналдың жалпы ұзындығы 16,6 шақырымды құрайды. Оның 7 шақырым бөлігі бетондалған. Қалған 9,6 шақырымы бетондауды қажет етіп тұр. Каналдың суын Жібек жолы, Сиқым және Манкент ауылдарының тұрғындары пайдаланып келеді. Ауылымызда мал шаруашылығы жақсы дамыған. Шаруалар бір-бірінен көріп, үйреніп жатыр. Егін шаруашылығы да жақсы дамыған. Бізде егілетін дәнді дақылдар сол: бидай, арпа, жоңышқа. Ауылымызда тағы диірмен орналасқан. Онда ұн өндіреді және мақсарының майын шығарумен айналысады. Жалпы бізде халыққа қызмет көрсететін сауда-саттық  нысандары 17. Жем сататын орталығымыз бар. Жалпы 326 шаруа қожалығымыз бар. Кәсіпкерлікті дамыту үшін жарық, газ дегендей инфрақұрылымның барлығы болуы керек. Ауылдарымыздың орналасқан жері жаман емес. Батыс-қытай, Батыс-Еуропа дәлізі өтеді.  Жалпы халқымыз өте еңбекқор. Жағдайын жасап берсек кез-келген істі дөңгелетіп алып кетеді. Кәсіпкерлік дамыса бюджетке де қаржы түсеніні белгілі. Ауылдың қазынасы қайта осы ауылды көркейтуге, гүлдендіруге жұмсалады. Қазір үлкен кешен салынып жатыр. Аталған нысанға 30-40 адамды жұмысқа тартамыз деп жоспардап отырмыз. Нысанның ішінде жанармай құю бекеті, авторжуу орталығы, дүкен, сауда орындары орналасатын болады. Сосын бізде бұрынғы Кеңес одағынан қалған шарап зауыты бар еді.  Сол ғимаратқа жөндеу жұмыстарын жүргізіп, инвесторлар жаңа кәсіпорын ашуға ниеттніп отыр. Айтуларынша конвервілеу цехын ашпақ. Бұл жоба іске асса  көкөніс өсіріп отырған шаруаларға үлкен жақсы болар еді. Машат ауылында демалыс аймақтарымыз бар. Бұл кәсіпкерлік нысандар да қаншама жегілікті тұрғынды жұмыспен қамтып отыр»,- дейді Талғат Серікұлы. 

 Айта кетелік, 2023 жылы аудандағы 7 каналды күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық сметалық құжаттарын дайындауға облыстық бюджеттен 105 миллион теңге қаржы қаралды. Нақты айтқанда, Жібек жолы ауылдық округіндегі "Төменгі Аққала", Манкенттен Қарасу ауылдық округіне қарай өтетін "Жоғарғы Аққала" және "Сай", Ақбұлақ ауылдық округіндегі "Аламан", Көлкент ауылдық округіндегі "Теспе", Қайнарбұлақ ауылдық округіндегі "Әсіл" және "Бауарық" каналдары. Сайрам ауданының жайылымдық жер қоры 31 462 гектарды  құрайды.  Аудан тұрғындарын жайылыммен қамту мақсатында аудан аумағында жайылымдық алқаптарды ауданның арнайы жер қорына қайтару жұмыстары назардан тыс қалмай, тұрақты жүргізілуде. Түркістан облысының жер қатынастары басқармасымен 2024 жылға жайылымдарды қайтару бойынша бекітілген жоспарда 500 гектар қайтару белгіленген болса, бүгінгі күнге 137 гектар жайылымдық алқап қайтарылып, қайтару жұмыстары атқарылуда. Қайтарылған жайылымдық алқаптар ауылдық округ әкімі аппараты ММ-не ауыл тұрғындарының малын жаю үшін тұрақты пайдалануға берілуде.    

   Еске сала кетсек, ауданда биылғы 9 айдың қорытындысымен жалпы өңірлік өнім көлемі 203,1 миллиард теңгеге жетіп, өсім 19,2 пайызды құраған. Басым бөлігі ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, сауда, құрылыс салаларының үлесінде. Биылғы жылдың қорытындысымен жалпы өңірлік өнім көлемін 269,0 миллиард теңгеге жеткізіп, 12 пайыз өсімді қамтамасыз ету жоспарланған. Соңғы 4 жылда өзіндік кірістер 2 есе ұлғайған. Аудан әкімінің айтуынша, негізінен сүт, ет шаруашылығына маманданған, тамақ өнеркәсібі дамыған аудандардың бірі және кәсіпкерлік белсенділігі жоғары. Аудан халқының тығыз орналасуына байланысты тұрғын үй құрылыс үшін берілген жерлердің инфрақұрылым жүйелерімен қамтылмауы, инфрақұрылым жүйелерінің тозуы мен электр қуатының тапшылығы байқалады. Жыл қорытындысымен 135 млрд.теңге инвестиция тарту жоспарланып, жеке инвестиция есебінен 2,6 есе ұлғайту көзделген. Алдағы 6 жылда құны 1 115,3 миллиард  теңгені құрайтын өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда және туризм салаларында 100-ден астам инвестициялық жоба жүзеге аспақ. Нәтижесінде 7 мыңға жуық жұмыс орнын құру болжануда.  Облыс бойынша халқы ең тығыз орналасқан Сайрам ауданы экономикасының өсу резервтерін тиімді пайдалану және жаңа өндірістерді іске қосу есебінен өнеркәсіп өнім көлемін 2030 жылға 3,7 есеге немесе 205,4 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланған. Яғни, жоспар бойынша 6 жылда 635,1 миллиард теңгенің өнімі өндірілмек. 2030 жылға мал шаруашылығы саласында құны 48,1 миллиард теңгеге 15 жобаны іске асырып, өнім көлемін 188,2 миллиард теңгеге жеткізу болжанып отыр.  Өнеркәсіп саласында 2030 жылға құны 912,7 миллилард теңгені құрайтын 48 жобаны жүзеге асыру нәтижесінде 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Алдағы уақытта сүт өнімдерін өндіру, мал қалдықтарын өңдейтін цех, құрама жем шығаратын, ауыр жүк көліктерінің тіркемесін және арнайы жасақталған көліктер шығару сияқты жобалар мен тамақ өнеркәсібіндегі жобаларды іске асыру көзделген.

Үздік оқырман отбасы – Ордабасыда!
Балалар қауіпсіздігі - басты назарда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу