Білім саласы қызметкерлерінің қатысуымен кеңес өтті
Мемлекеттік сатып алулар - өте үлкен экономикалық ресурс. Оны дұрыс пайдалану керек. Бізде бұл үлкен проблема. Сатып алуларды бәсекесіз жолмен алып жүргендердің үлесі әлі де басым. Осы саладағы сыбайластық, жасырын өткізу және бағаны жоғары қою мәселелерімен шұғыл түрде айналысу қажет.
Осы орайда, Түркістан облысының білім басқармасының мәжіліс залында білім саласы қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті.
Жиын барысында Жоспарлау кезіндегі бағаны тым көтеру тәуекелдеріне тоқталып өтті. Бұл тұрғыда, Департамент тарапынан мекемелердің сатып алу жоспарына Мемлекеттік сатып алу саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және алдын алу мақсатында Департаментпен «Бірыңғай сатып алу терезесі» веб-порталының ақпаратын талдау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг тұрақты түрде жүргізіліп отырады.
Жыл басынан бері енгізілген ұсыныстардың негізінде жоспарланған бағалар қайта қаралған.
Айта кетейік, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен жүргізілген мониторинг нәтижесімен мемлекеттік сатып алуды жоғары бағаға көтерген мекемелерге жылдық мемлекеттік сатып алу жоспарларына өзгеріс енгізу туралы ұсыныс жолданып, сатып алу жоспарлары қайта қаралды.
Сонымен қатар, Түркістан облысының Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі антикор еріктілермен бірлесіп, бағаны көтеру тұрғысынан мемлекеттік сатып алу порталына мониторинг жүргізді.