Аппараттық мәжіліс өтті

Oinet.kz 21-12-2024 22

image.png

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Мәжілістің күн тәртібінде 2024 жылы жергілікті бюджетке түсетін салық түсімдерінің орындалу көрсеткіші және қала аумағында тіркелмеген кәсіпкерлік субъектілер бойынша, болжамды қаржының игерілуі мен индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы туралы баяндамалар тыңдалды.

Алдымен, Түркістан қаласының Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы – Жаңбырбаев Шәкен Махмұтұлы салада атқарылып жатқан жұмыстар мен салықтық түсімдерінің өсу қарқынындылығын, қала аумағындағы кәсіпкерлік нысандарға хронометраж тексерістер нәтижесін баяндады. 

Бұл бойынша Әзімбек Пазылбекұлы:  «Қала аумағындағы ірі сауда жасау және қызмет көрсету орындарында кассалық аппараттардан фискалды чектері тұтынушыларға берілмейді, берілісе де чектері талапқа сәйкес келмейді. Сатушылар QR кодпен төлемдер қабылдамай, тек аудару транзакциясын жүргізеді. 

Сонымен қатар, кәсіпкерлік нысандарда жұмыс жасайтын қызметкерлер санын анықтау,тіркеу өте төмен деңгейде екендігін атап өткім келеді. Осы жұмыстарды жандандыру қажет.

Қала бойынша берешек сомма 168,8 млн.теңгені құрап отыр. Көлік салығы бойынша полициямен бірге рейдтік жұмыстарды және мүлік салығы бойынша 6-сектормен бірлесе өндіру жұмыстарын жүргізіңіздер.» -деп тапсырды.

Сондай-ақ, мәжілісте қала бюджеті кірістерінің орындалу барысы туралы  Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Бөлегенов Олжас Пердебайұлы баяндады. Жиын соңында қала басшысы берілген тапсырмалардың орындалуын қадағалап, Жаңа жыл мерекесі қарсаңында әлеуметтік азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру үшін тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

Өңірдің бизнес ахуалы талқыланды
Сарыағашта мал бордақылау алаңдары көбейген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу