Сарыағашта мал бордақылау алаңдары көбейген

Oinet.kz 20-12-2024 20

image.png

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл мен агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте ауыл халқының 85%-ы тұратын тірек ауылдарды дамыту аса қажет екендігін атап өткен болатын.

Осыған дейін Үкімет агроөнеркәсіп ке¬шенін дамытудың 2021-2025 жылдарға ар-налған ұлттық жобасын қабылдаған бо¬ла¬тын. Мемлекет басшысы жобаны іске асыру барысында еңбек өнімділігін 2,5 ес嬬ге арттыруға агроөнеркәсіп кешені өнім-дерінің экспортын екі есеге ұлғайту, ин¬вестициялық жобаларды іске асыру есе-бінен 1 миллион ауыл тұрғынының табысын тұ¬рақ¬ты түрде арттыру қажет деген бір¬қа¬тар тапсырмалар жүктеген. Бүгінде атал¬мыш жоба аяқталуға жақын. Бұл мақсатта мем¬лекет қазынасынан әр жыл сайын қыруар қаржы да қарастырылған.  2023 жылы 485,6 миллиард  теңге қарастырылған еді. Ал 2024-2025 жылдарды қоса алғанда жұмсалатын қа¬ражат 1 331,7 миллиард  теңгеге жетпек. Жал¬пы, жобаны ұлттық деңгейде жүзеге асыру мақсатында ел қазынасынан бес жыл бойына 2 703,3 миллиард  теңге қарастырылған.  

Тоғыз жолдың торабында орналасқан Сарығаш ауданында агроөнеркәсіп саласы жақсы дамыған. Ауылшаруашылығына бейім келетін тұрғындардың дені мал асырап, көгөніс егіп, енді бірі жылыжай ісін дөңгелетіп отырған жайы бар. 

Мамандардың дерегінше ауданда бүгінгі таңда  115 мал бордақылау алаңы бар, оның 3-еуі ірі алаңдар болса, 112-і шағын алаңшалар. Солардың бірі 2020 жылы өз жұмысын бастаған Қызылжар ауылдық округіндегі мал бордақылау алаңы. Жеке кәсіпкер Орынғазы Қарабаев нысанды тұрғын үйі жанынан ашқан.  Ауданда халықтың тығыз орналасуына байланысты, жайылым жер тапшы болғандықтан осылай үй жанынан мал бордақылау алаңын салу өз тиімділігін көрсетуде. Соңғы жылдары тұрғындар қолындағы азын-аулақ малының қарасын көбейтіп, бордақылау алаңдарын бірінен соң бірі ашуда. 

Аталған мал бордақылау алаңында қазіргі таңда 40-қа жуық  ірі қара мал өсіріліп, 2 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.  Орынғазының айтуынша, алдағы уақытта мемлекеттен жеңілдетілген несие алып, өз кәсібін ұлғайтып, ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр. Жалпы аудан аумағында аталған кәсіппен шұғылданатын кәсіпкерлер саны күн санап артуда. Бұл өз кезегінде бәсекелестікті ұлғайтып өнім көлемінің артуына, ал нарықтағы бағаның төмендеуіне алып келеді. 

 Ақжар ауылдық округінде орналасқан «Аскарова» шаруа қожалығы мал бордақылаумен ғана емес тұқымын асылдандырумен айналысады. Мал шаруашылығын дамытуды қолға алған шаруа қожалығының жетекшісі жеке кәсіпкер Гүлнар Асқарованың мал қорасында бүгінгі таңда 130 бас бұқасы бар. Асыл тұқымды бұқа 250 келіге дейін өнім береді. Шаруа қожалығы жылына 4 тоннаға жуық ет өнімін алып отыр. 

 Жалпы аумағы жарты гектарды құрайтын мал бордақылау алаңы 200 басқа арналған. Мұнда арнайы бекітілген малшылар ірі қара малды күтіп баптау жұмысымен айналысуда.

Бүгінде мал шаруашылығын асылдандыру бағытында аз жұмыстар атқарылып жатқан жоқ. Жеке қожалықтар селекциялық асылдандыруға ерекше ден қойып, жаңа мал тұқымдарын шығаруға күш салуда. Сонымен қатар мал тұқымын асылдандыру арқылы ет өніміне деген сұранысты қамтамасыз етуге болатынын түсінген шаруа қожалықтарының басым бөлігі осы бағытты қолға алып, дамытып жатыр.

Сарыағашта ет өнімдеріне деген тапшылық болмауы керек. Жергілікті тұрғындардың ет өніміне деген сұранысын қанағаттандыру үшін 1000 басқа арналған мал бордақылау алаңы ашылған.  Ол аудандағы танымал, ірі  Жібек жолы ауылдық округінде орналасқан «Бес Қара» ЖШС-нің шаруақожалығы.

 Мал бордақылау алаңының директоры,  мемлекеттік бағдарламаның мүмкіндігін пайдаланып, отбасылық кәсіппен айналысып отырған кәсіпкер Мұрат Әбдібаев бүгінде 337 бас мал сатып алып, бордақылада. Алдағы уақытта олардың санын мыңға жеткізу жоспарланған. Аталған мал бордақылау алаңын ашу үшін 700 млн теңге инвестиция тартылған.  Қожалық барлығы 15 адамды жұмыспен қамтып отыр. «Бес Қара» ЖШС бүгінде сонымен бірге мал бордақылау кәсібіне ден қоюшыларға тәжірибе алаңы ретінде де көрсетілуде. 

 Элгар Мамедов басшылық жасайтын Жібек жолы елді мекенінде орналасқан «Измир» ауылшаруашылығы кооперативі де бүгінде  ауданда мал тұқымын асылдандыруға өз үлесін қосып отыр.   Ауылшаруашылығы кооперативі алғашқыда шет мемлекеттен 45 аналық бас ангус тұқымды ірі қара мал алып келген болса, бүгінгі таңда кооперативте 200-ге жуық  бас ангус тұқымды ірі қара мал өсірілуде.  Қазіргі уақытта аналық бастар төлдеп, мал басы көбеюіне байланысты асыл тұқымды бұқаларын жергілікті шаруаларға сатып, басқа шаруа қожалықтағы ірі қара малдарды асылдандыруға септігін тигізіп отыр. Шаруашылық алдағы жылдары мал басын көбейтіп, бордақылау арқылы ет өнімдерін өңдеу орындарын ашуды жоспарлап отыр.

Саялы өлкеде бір мезетте 1500 басқа арналған бордақылау кешені бар. Бүгінде серіктестікке Зеңгі баба төлі еліміздің солтүстігінен әкелінеді. Себебі оның өнімі етті молырақ береді. Ал бұл өз кезегінде жануарды байлап, сататын шаруа үшін тиімдірек. Бұл Жібек жолы ауылдық округінде 2021 жылы құрылған серіктестік. Бүгінде мұнда бір мезетте 1500 ірі қара бордақыланады. Әр бұқаны күтіп баптауға орта есеппен 4-6 ай уақыт керек. Осынша уақыттан кейін нәтиже беріп, әр жануардан 250-350 келі ет алынады. Мамандардың сөзінше, ірі қараны күтіп баптаудың өзіндік әдісі де бар.

  «Малдың астын ұдайы таза ұстап, жемнің қоспасын қатаң қадағалап отырамыз. Тек табиғи өнімдерді береміз. Жем-шөбі бұзылатын болса малдың асқазаны бұзылады. Біреуі аз, енді бірі көп жеп қоюы мүмкін. Сондықтан оларға жем-шөпті  уақытымен, мөлшерімен  беріп отырамыз. Бұқаларды алып келген кезде міндетті түрде дәрілейміз. Көктемгі, күзгі  екпелерін салдыртып отырамыз»- дейді серіктестіктің іс басқарушысы Нұркен Дулатов.  

Мұндағы ірі қара көбіне Солтүстік Қазақстан облысынан әкелінген. Кешенде қазір Әулиекөл, ақбас, герефорд, ангус сынды жануарлардың 6-7 тұқымы бар. Семіртуге қажетті жем-шөпті серіктестіктің өздері егіп, дайындайды.  Бордақылау алаңы толықтай автоматтандырылған.  

 Бордақылау алаңы  айына 70-80 бас ірі қараны шұжық цехына етке өткізіп отыр. Зеңгі баба төлін өткізу өз алдына, оларға жайлы жағдай да қарастырылған. Серіктестік 20-ға жуық тұрғынды жұмыспен қамтып отыр. Кешенде 700 бас ірі қара бордақылануға дайын. Ауыл шаруашылығы Жібек жолы ауылдық округінің негізгі драйвері. Бүгінде округте 22500 халық болса, 7 елді мекенде 728 шаруа қожалық егін және мал шаруашылығы саласында қызмет жасауда.

 Дербісек ауылдық округіндегі «Санжар» шаруа қожалығы да өрісін кеңге жайып үлгерген нысанның бірі. Мұнда  1000 бас мал бордақылау алаңы жұмыс істейді.  Шаруа қожалығының жалпы жер көлемі – 2,5 гектар. Бүгінде мұнда 300-ден аса ірі қара мал бордақылануда. Алдағы уақытта оның саны артады деген жоспар бар.  Қожалықта 15 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілген.

 Ауданда бүгінде мал бордақылау алаңын ашамын деушілер саны көбейген. Өйткені бұл кәсіпке мемлекет тарапынан қолдау да бар.


Аппараттық мәжіліс өтті
Түркістанда жиһаз өнеркәсібі өркендеген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу