Өңірдің бизнес ахуалы талқыланды

Oinet.kz 22-12-2024 34

image.png

Өңірдегі бизнес ахуалды талқылау мақсатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кәсіпкерлерімен кездесті. Жиынға  «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары мен мәслихат депутаттары, құқық қорғау орган өкілдері мен  қаржы институттарының басшылары қатысты. Ашық әңгіме барысында әрбір қатысушы өзін алаңдатқан сауалына жауап алып, бизнес-диалог орнатты.

Индустриалды және арнайы экономикалық аймақтар дамыған Түркістан өңірінде кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасалған. Онда тау-кен-металлургия кешеніне арналған ауыр жабдықтар өндіру, текстиль кластері, ПВХ құбырларын өндіру, полимер бұйымдарын өндіру, алюминий профилдерін шығару зауыттары салынуда. Аудандарда 14 индустриалды аймақ құрылған. Сондай-ақ шағын өндірістік паркте кәсіпкерлерге дайын өндірістік ғимараттар жеңілдетілген шарттармен ұсынылады. Паркте 150-ден аса өндірістік алаңдар құрылады. Облыс әкімі осы мүмкіндіктерді пайдаланып, Түркістан өңірінде бизнес ашуға шақырды.

 Кәсіпкерлерге несиелерді қолжетімді ету үшін банктердегі несиелердің пайыздық ставкасын субсидиялауға биыл бюджеттен 16,2 миллиард теңге бөлініпті. Өңір кәсіпкерлері осы қаржы институттары арқылы 91,5 миллиард теңгеге несие алған.

Өңірде шетелдік инвесторлардың қатысуымен жалпы құны 263 миллиард теңгеге 13 инвестициялық жоба іске асырылған. Нәтижесінде, 3 600 жұмыс орындары ашылып отыр. Алдағы уақытта облыс экономикасына тың серпін беретін 2,5 триллион  теңгеге 145 инвестициялық жобаны іске асырылады деп күтілуде. Онда 20 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылады деп көзделген.

Мемлекеттік бағдарламалар жұмыссыздықты жоюда
Аппараттық мәжіліс өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу