«Жастар» саябағы пайдалануға берілді

Oinet.kz 20-12-2024 24

image.png

Түркістанда заманауи үлгідегі жаңа ботаникалық бағы бар «Жастар» саябағы пайдалануға берілді. Бұл орын қала тұрғындары мен қонақтары үшін таптырмас демалыс аймағына айналмақ. Ашылу салтанатына облыс әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, қала тұрғындарын жаңа саябақтың ашылуымен құттықтады.

Бүгінде Түркістан тек облыс орталығы ретінде ғана емес, түркі әлемінің рухани мәдени орталығы болып қалыптасты. Түрлі нысандар бой көтеріп, шын мәніндегі инфрақұрылымы қалыптасқан жаңа сәулетті қалаға айналды.

 «Өздеріңізге мәлім, осыдан 6 жыл бұрын жаңа Түркістан облысы құрылды. Өздеріңізбен бірге «Жастар» саябағы кешенінің ашылу салтанатының куәсі болып отырмыз. Бұл жаңа саябақ қалаға қосымша көрік беріп, тұрғындарымыздың демалысын жақсы өткізуге таптырмас орын болары анық»,- деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.

Саябақтың жалпы алаңы – 10,5 гектар. Демалыс аймағында скейтборд алаңдары, шахмат клубы, өзге де ойын алаңдары, сонымен қатар, 2 шақырым жүгіру жолы және веложолдар қарастырылған. Жабық жылыжайда әртүрлі құрлықтан әкелінген өсімдіктердің 70-ке жуық түрі өсіріледі.

 «Халық игілігі үшін қолға алынып отыр. Қаламыздың жастары кез-келген тұрғыны келіп осы жерде серуен құра алады. Тағы бір тиімділігі бұл жерде ЖОО студенттері биология пәнін оқу-тәжірибе ретінде өткізуге де мүмкіндіктері бар»,- деді Түркістан қаласының әкімі Әзімхан Пазылбеков.

Ботаникалық бақта Жерорта теңізі, Латын Америкасы, Еуропа, Оңтүстік Шығыс Азия және тағы басқа аймақтардың өсімдіктері бар. Пальма, фикус, тропикалық, шөл, субтропиктік, цитрус өсімдіктерімен қамтылған. Сонымен қоса оқушыларға биология сабақтарын өту мүмкіндігі қарастырылған. Саябақта құстар мен балықтар бар.

Республикалық жобалар байқауы қорытындыланды
Мемлекеттік бағдарламалар жұмыссыздықты жоюда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу