Республикалық жобалар байқауы қорытындыланды

Oinet.kz 22-12-2024 33

image.png

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Облыс әкімдігінің бастамасымен өткен «Түркістан облысының сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасына енгізілген жемқорлық мәселелерін шешу жолдары» атты республикалық байқау қорытындыланды. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы перспективалы жобаларды жетілдіру мақсатында жарияланған конкурсқа еліміздің түрлі аймақтарынан өтінімдер келіп түскен. Қатысушылар жемқорлықтың алдын алу жолдарын ұсынып, жоба дайындаған.

Ұйымдастырушылар қай салада болмасын жемқорлық тәуекелдерінің алдын-алу бүгінгі күннің өзекті мәселесі екенін айтып, қоғам өкілдерін заң мен тәртіпті қатаң сақтауға шақырды.

Екі кезеңнен тұратын байқаудың ақтық сайысына өткен 10 жобаны әділқазылар жан-жақты сараптап, кіл мықытдан кім мықтыны анықтады. Астана, Алматы, Шымкент пен Түркістаннан келіп түскен жобалар топ жарып, тағы бірнеше қатысушы түрлі номинацияларды иеленді.

Конкурс жеңімпаздары жобаны іске асыруға бөлінген қаражатты мақсатты пайдалану бойынша белгіленген мерзім ішінде атқарылған жұмыстардың есебін беруі тиіс. Олай болмаған жағдайда тағайындалған қаражат кері қайтарылады. Айта кетейік, жеңімпаздаға берілетін қаржыны мемлекеттік тапсырыс негізінде «Жалын» қоғамдық бірлестігі үлестіреді.

Облыстық мәслихаттың кезекті XIV сессиясы өтті
«Жастар» саябағы пайдалануға берілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу