Облыстық мәслихаттың кезекті XIV сессиясы өтті
Сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он төртінші сессиясы өтті. Күн тәртібінде 26 мәселе қаралып, жаңа кадрлық тағайындаулар таныстырылды.
Сессияда Түркістан облысының 2025-2026 жылдарға арналған бюджеті нақтыланды. Сонымен қатар 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы туралы мәселелер көтерілді. Кезекті сессияда облыстық қоғамдық даму, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, жер қатынастары басқармалары басшыларының есептері тыңдалды.
Одан бөлек, кадрлық ауыс-түйіске байланысты Түркістан облысы әкімдігі жанындағы бірқатар комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізілді. Жиынға қатысқан облыс әкімі Дархан Сатыбалды сессия жұмысын қорытындылап, мәслихатқа табыс тіледі.
«Бүгінгі сессияда маңызды мәселелер қаралды, алдағы жылға арналған облыс бюджеті бекітілді. Негізгі бағыттарымыз – инвестиция тарту, жаңа өндіріс және жұмыс орындарын ашу. Өңірде экономиканың негізгі көрсеткіштерінде оң динамика сақталды. Біз осы қарқынды түсірмей, көрсеткіштерді ұлғайтып, халықтың әл-ауқатын көтеруге бірлесе жұмыс атқаруымыз керек»,- деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.
Қаралған мәселелер бойынша мәслихат депутаттары тиісті шешімдер қабылдады.