Түркістанды түлету жалғасуда
Түркістан қаласын түлету жұмыстары тоқтамайды. Түрғындардың өмір сүру сапасына бірінші кезекте мән берілуде. Мәселен биыл көпбалалы және әлеуметтік осал топ мүшелеріне 990 арендалық үй табысталған. Келесі жылы да 944 үй беру жоспарда. Сонымен қатар 2025 жылы 100 астам көшеге асфальт төсеу жоспарланған. Атқарылып жатқан шаруалар қала әкімінің қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесуінде айтылды.
Жиында қалада инфрақұрылым мен туризм дамуы жайы да сөз болды. Әлеуметтік қызметтер спасын артыру арқылы тұрғындарының өмір сапасын көтеру көзделген. Түркістанның экономикалық және мәдени дамуына үлес қосу баршаға ортақ парыз екендігін қала әкімі әәңгімеге арқау етті. Түркі елдерінің мәдени астанасы тазалығымен де ерекшеленуі керек. Көгалдандыру ағаш отырғызу жұмыстары күз мезгілінде қарқынды жүргізілген. «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында да ауқымды шаруалар атқарылған. 70 тен аса сенбілік жұмыстары жүргізілген. 20 мың тоннадан астам қоқыс шығарылған. Әр сенбілікте 25-30 техника жұмылдырылып отырған. Қала тазалығына шаһар тұрғындары да белсене атсалысқан.
«Осы орайда «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысқандарыңыз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Әр сенбілікте өздеріңізді көріп жүрем. Зиялы қауым өкілдері депутаттар ата-әжелеріміз белсенді атсалысып жүр»,- деді Түркістан қаласының әкімі Әзәмбек Пазылбекұлы.