Келес ауданында ауыл халқы ауыз сумен қамтылды

Oinet.kz 20-12-2024 29

image.png

Тұрғындарды, әсіресе ауылдықтарды ауыз сумен қамтамасыз ету Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарынан тыс қалған емес. Президенттің тапсырмасына сәйкес Келес ауданы Жамбыл ауылдық округіне қарасты Майдабозай ауылындағы 409 тұрғыны бар 41 үйге ауыз су берілді. Шараға қатысқан аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев ауыл тұрғындарының қуанышымен бөлісті. Қазіргі таңда аудандағы 10 елді мекенде жерасты суын іздеу, барлау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, су нысандарын реттеу, су шаруашылығын тиімді жүргізу, каналдарды жөндеу жұмыстары атқарылуда.

Бұдан бөлек, бүгінде аудандағы Ақжол, Қауыншы, Майдабозай, Оңтүстік, Ғ.Мұратбаев, Қаратөбе елді мекендеріндегі ауыз су жүйелеріне құрылыс-монтаждау жұмыстары

жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, аудандағы 83 елді мекеннің 59-ы ауыз сумен қамтылған. Нәтижесінде аудандағы ауыз сумен қамту көрсеткіші 71,1 пайызды пайызды құрап отыр.

500-ден аса түркістандық баспаналы болды
Түркістанды түлету жалғасуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу