«Kultobe» медиа студиясы ашылды

Oinet.kz 23-12-2024 35

image.png

Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ жанынан құрылған «Kultobe» медиа студиясы ашылды. Салтанатты шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы Болат Қалмұрзаев, Облыстық мәслихат депутаты Алмас Алтайұлы, Түркістан облысы Қазақстан Халқы Ассамблеясы  жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Созақбай Абдіқұлов медиа орталықтың тұсауын кесіп, игі бастамаға сәттілік тіледі.

«Kultobe» медиа студиясы өңірдегі рухани жаһандану, шығармашылық еркіндікті қолдау және жастар арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған ауқымды жобаларды жүзеге асыруды мақсат етеді. Бұл тек медиа саласын ғана емес, жалпы өңірдің руханиятын байытуға да өз үлесін қосады.

«Біз студияны «Kultobe» деп атауымыздың себебі жалпы елдің руханиятына, танымына, дін мен дәстүріне, этносаралық және конфессия аралық келісімге, тағылымды сұхбаттар жүргізу үшін, ғалымдарымыздың рухани әңгімесі осы студиядан тарасын деп осылай атадық. Қазіргі таңда біз арнайы екі локация құрып отырмыз. Оның бірі қазақы нақыштағы киіз үй стиліндегі локация, екіншісі заманауи стильде жасақталған локация»,- дейді облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Медет Халықов. 

Студия арқылы ұлттық ұстанымдарды дәріптеу және насихаттау, дін мен дәстүрге арналған подкастар, танымдық хабарлар, эксклюзивті сұхбаттар, ақпараттық материалдар әзірлеу, қоғамдағы өзекті мәселелерге дер кезінде жауап беру көзделген. Мұнда жұмыс істеуге қажетті жаңа жиһаздармен, компьютерлермен толықтай қамтылған.

Жетісайда электрлік қосалқы станция іске қосылады
Қазығұртта қоғамдық қабылдау өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу