Қазығұртта қоғамдық қабылдау өтті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша азаматтарды қоғамдық қабылдаулар өткізу және мемлекеттік қызметті көрсетуге қоғамдық бақылау өткізіп мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын арттыру мақсатында. Қазығұрт ауылындағы «Азаматтарға арналған үкімет» МК Ке АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының Қазығұрт аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімінің ғимаратында Қазығұрт ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы Е.Нұрлыбек және филиал басшысы Ж.Мамадалиев көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын, қолжетімділігі мен танымалдылығын арттыру мақсатында азаматтарға қоғамдық қабылдау өткізілді.
Қабылдау барысында Мемлекет басшысы – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында «Халықтың үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын негізге алған сала мамандары тұрғындар тарапынан тұрғын үй, жер мәселесі, әлеуметтік салалары бойынша сұрақтарға жауап беріп, заң аясында консультациялық-кеңес берілді. Мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы диалогтың жоғарғы деңгейдегі ашықтығы және халық қажеттіліктерін қанағаттандыруға жедел әрекет етуге бағытталған осындай іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады.
Сонымен қатар, қабылдау барысында азаматтарға мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алудың ыңғайлы жолдары түсіндіріліп, консультациялық кеңестер берілді.
«Азаматтарға арналған үкімет» МК Ке АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының Қазығұрт аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімінің өзіне- өзі қызмет көрсету бұрышының қызметіне, мүгедек жандардың ғимаратқа кіріп шығуына қоғамдық бақылау жүргізілді.