Жетісайда электрлік қосалқы станция іске қосылады

Oinet.kz 21-12-2024 24

image.png

Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың тапсырмасына сәйкес аудандағы ескірген электр бағаналарын жаңарту, электр қуатының жетіспеушілігін болдырмау бағыттары бойынша жұмыстарды күшейту, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға айрықша көңіл бөлу, инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылып келеді. Бірқатар ауқымды жобалар қолға алынып, өндірістік кестеге сай жұмыстар жүргізілуде.

Аудан әкімінің жаңадан тағайындалған орынбасары Нұркен Әлмеш сондай ауқымды жобалардың бірі – Жетісай қаласының аумағын ұлғайтуға бөлінген 80 га аумақта құрылысы жүріп жатқан электр энергиясын түрлендіруге және таратуға арналған электрлік қосалқы станцияның құрылысымен танысты. Мердігер мекеме өкілдеріне жұмыстың сапасына назар аударып, өндірістік кестеден кешікпей жұмыс жүргізуді тапсырды.

«Vek-Story-Com» ЖШС құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізіп отырған аталмыш нысанның сметалық құны 1 300 215 мың теңгені құрайды.

Өткен жылдың қыркүйегінде қазығы қағылып, келесі жылы қолданысқа тапсыру жоспарланған. Қуаттылығы 110/35/10 кВ. Қазіргі жағдайда мердігер атқарылуы тиіс жұмыстарының 70 пайызын толық тәмамдап отыр. Станция іске қосылған соң Жетісай қаласы аумағындағы 12 көп қабатты 440 пәтерлі үй, яғни, 1842 абонент сапалы, тұрақты электр қуатымен, 15-ке тарта азамат тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілетін болады.

Мұнан бөлек, аудандағы Жаңа ауыл ауылдық округіне қарасты Жаңа ауыл, Ынтымақ Атақоныс елді мекендерін сапалы электр қуатымен жабдықтау нысаны ағымдағы жылы пайдалануға тапсырылған болса, элeктр жeлiлерiн салу және КТП орнату мақсатында Ж.Ералиев ауылдық округіндегі 8 елді мекенге, Абай ауылдық округіндегі 5 елді мекенге жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, қаржыландыру үшін тиісті басқармаға ұсынылған. Сала мамандары аталмыш жобалар қолдау тапқан жағдайда тиісті жұмыстардың жүргізілетінін айтады.

Түлкібаста үш жоба жүзеге асырылмақ
«Kultobe» медиа студиясы ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу