Ауыл шаруашылығына 130 млрд. теңге инвестиция тартылған
Түркістан облысында ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 130 миллиард теңге инвестиция тартылған. Бұл туралы аймақ басшысы аппаратының апталық мәжілісінде айтылды. Жиында Дархан Сатыбалды ауыл шаруашылығы – өңірдің негізгі драйверінің бірі екеніне тоқталып, жауапты басшыларға, аудан, қала әкімдеріне жұмысты күшейтуді тапсырды.
10 айдың қорытындысымен өңірде жалпы ауыл шаруашылық өнім көлемінің өсімі 105,8 пайызды құрап, 957,8 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. Аудан, қала әкімдіктерінің мәліметіне сәйкес, өсімдік шаруашылығы бойынша дәнді дақылдар 1,3 есе, картоп 115 пайызға , көкөніс 103 пайызға, бақша дақылы 114 пайызға, ал мал азықтық дақылдар 111 пайызға артығымен жиналған.
Облыста агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі капиталына 130 миллиард теңге инвестиция тартылып отыр. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,5 есеге, ал тамақ өндірісінің негізгі капиталына 22,7 млрд. теңге инвестиция тартылып, тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,9 есеге артқан. Жиында Дархан Сатыбалды ауыл шаруашылығы – өңірдің негізгі драйверінің бірі екеніне тоқталып, жауапты басшыларға, аудан, қала әкімдеріне жұмысты күшейтуді тапсырды.
Аймақта ауыл шаруашылығы техникалар паркін 6,5 пайызға жаңалау жоспарланған болатын. Бүгінде, 1 655 дана техника сатып алынып, жаңалау үлесі 6,5 пайызды құрап, жылдық жоспар орындалған. Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемін 2 есеге ұлғайту жөніндегі тапсырмасы аясында, жыл басында 16 даму көрсеткіштері бекітіліп, ай сайын тұрақты рейтингтік бағалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.