Шұбар ауылына табиғи газ берілді

Oinet.kz 23-12-2024 35

image.png

«Орта Азия – Орталық» магистральді газ құбырының елімізге тиесілі 800 шақырымнан астам бөлігін жаңғырту жұмысы өте қысқа мерзімде аяқталды. Газ тасымалдау бағдарларын әртараптандыру және оның қуатын арттыру қажет. Тұрғындарды және экономиканы газбен қамтамасыз ету – Үкіметтің басты міндетінің бірі». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында осылай деген болатын. 

Осы орайда Президенттің тапсырмасы аясында Ордабасы ауданы, Шұбар елді мекеніне газ құбырын жүргізу құрылысы аяқталып, іске қосылды. Мердігер «Компания ГазСтрой» ЖШС мекемесі 2021 жылы бастаған жоба биыл желтоқсан айында аяқталып, жалпы ұзындығы 38,336 шақырымды құрайтын құбыр арқылы 621-ге жуық абонетке газ жеткізілді. Тұрғындардың қуанышын бөлісуге Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов, аудан әкімі Азат Оралбаев арнайы келіп, шұбарлықтарды құттықтады. 

– Мемлекеттік бағдарламалардың арқасында ауылдарымызда да қаладағыдай жағдай жасалуда. Алда ауылдағы тұрғындар қатты отын тұтынудан арылып, таза, табиғи газ тұтынады. Осы орайда баршаңызды газ құрылысының іске қосылуымен құттықтаймын, – деді облыс әкімінің бірінші орынбасары өз сөзінде. 

Салтанатты шарада облыс әкімінің бірінші орынбасары, аудан басшысы, ауыл ақсақалдары, халық қалаулылары көгілдір отынның алауын жағып ауыл тұрғындарының қуанышын бөлісті. 

Айта кетейік, аудан бойынша 57 елді мекеннің табиғи газбен қамту деңгейі 61,4 % табиғи газбен қамтылып отыр. (жалпы 35 е.м. қамтылды). Сонымен қатар, Шұбарсу елді мекенін табиғи газбен қамту құрылысы 4 кезеңмен іске асырылуда. 4-нысан 2025 жылы аяқталмақ.

Мақтааралда «Ашық есік күні» акциясы ұйымдастырылды
Ордабасылық 12 отбасы баспаналы болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу