Мақтааралда «Ашық есік күні» акциясы ұйымдастырылды

Oinet.kz 20-12-2024 29

image.png

Мемлекеттің дамуын тежеп, халықты сарсаңға салып, қоғамның қадірін қашыратын құбылыс – сыбайлас жемқорлық пен парақорлық дерттері. Сыбайлас жемқорлық жегі құрт сияқты іштен жеп қоғамды бұзады, адамдардың әділдікке, билікке сеніміне селкеу түсіріп, болашағын бұлдыр етеді. Сондықтан да қоғамның жегі құртындай болған сыбайлас жемқорлыққа ұарсы күрес мемлекет тарапынан да халық тарапынан да бірлесіп жүргізілуі керек. Азаматтарға сыбайлас жемқорлықтың қаупі, ол үшін тартылатын жазаның қаталдығы, заңсыз жолмен табылған табыстың құрдымға сүйреп, абыройдан айыратындығы түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлыққа деген қоғамның, адамдардың төзбеушілік қасиетін қалыптастыру бағытында жұмыстар жүргізілуі қажет.

Түркістан облысының қала, аудандарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, оның алдын алу мен оған төзбестікті тәрбиелеу, жұртшылыққа заңдылықтарды түсіндіріп, сыбайлас жемқорлық үшін тартылатын жазалармен таныстыру бағытындағы жұмыстар, акциялар тұрақты жүзеге асырылып келеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» 2022 жылғы 31 желтоқсандағы № 1147 санды Қаулысында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары бекітілген. 

Жоспардың 20-тармағын орындау мақсатында, Мақтаарал ауданы әкімі аппаратында Мемлекеттік органдарда «Ашық есік күні» акциясы ұйымдастырылды.  Акция аясында кез келген азамат алдын-ала жазылусыз аудан әкімі орынбасарларының қабылдауында болып, көтерген мәселелеріне тиісті жауаптарын алды. 

Айта кетейік, аталған акция аудан көлемінде үшінші рет ұйымдастырылуда және бұл акция алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Инвесторлармен кездесу өтті
Шұбар ауылына табиғи газ берілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу