Инвесторлармен кездесу өтті

Oinet.kz 22-12-2024 33

image.png

Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов, аудан прокуроры Дастан Мырзағали кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында инвесторлармен кездесті. Кездесуге «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төлеби аудандық филиалының директоры Маржан Мұсаева қатысып, кәсіпкерлерді толғандырған өзекті мәселелердің шешу жолдары талқыланды.

Мемлекет бизнестің дамуы үшін барынша қолайлы жағдай жасайды және жеке меншіктің толық қорғалуын қамтамасыз етеді. Өз кезегінде кәсіпкерлер өздеріне жүктелген міндетті, атап айтқанда салық төлеу, экономикаға инвестиция құю, жұмыс орындарын ашу, қызметкерлеріне қолайлы еңбек орта қалыптастыру секілді міндеттерді атқаруы тиіс. 

Кездесуде Қаратөбе елді мекенінде ГЭС құрылысын жүргізіп отырған «Тау энерго» ЖШС нің өкілі жаңа бизнес идеясымен бөлісіп, заманауи талапқа сай спорт кешенінің құрылысын жүргізуді жоспарлағанын айтты. «Шымкент балық» ЖШС-нің басшысы жеңілдетілген несие алуға көмек сұраса, «KazPlast» ЖШС-нің өкілі табиғи газға қосылу проблемасын сөз етті. Қасқасу елді мекеніндегі «Көктөбе» балалар лагерін сауықтыру орталығын айналдыру мәселесі сөз болып, «Aspan Villa» демалыс аймағының иесі жолды жөндеуді өтінді.

Жиынға модераторлық жасаған «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төлеби аудандық филиалының директоры Маржан Мұсаева бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін табысты қорғап, кәсіпкерлікті қолдау жөнінде атқарылған жұмыстармен таныстырды. 

Аудан басшысы бизнестің жеке бастамаларына барынша қолдау көрсетілетінін айтып, кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап берді. Кездесуде көтерілген проблемалық мәселелердің шешу жолдары қарастырылды. Кәсіпкерлік ел экономикасының қозғаушы күшіне айналғандықтан, аудандағы бизнес ахуалды жақсарту бағытында мемлекеттік мекемелер жұмыс жүргізуде. 

Жемқорлықпен күрес- елге қосқан үлес
Мақтааралда «Ашық есік күні» акциясы ұйымдастырылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу