Жемқорлықпен күрес- елге қосқан үлес

Oinet.kz 20-12-2024 29

image.png

Сайрам ауданы әкімі Арман Сәбитовтің төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысы өтті. Оған комиссия мүшелері, аудандық мәслихаттың төрағасы, құқық қорғау қызметкерлері, дербес бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты. 

Комиссия отырысын жүргізген аудан әкімі Арман Сәбитұлы күн тәртібінде қаралатын мәселелерге тоқталды. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу аясында кешенді шаралар қабылдау - мемлекет саясатының басты бағыты екенін атап айтты.

Басқосу барысында Қайнарбұлақ, Құтарыс ауылдық округтері әкімі аппараттарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың орындалу барысы, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы саласындағы сыбайлас жемқорлықтың жай-күйі және білім саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар туралы мәселелер қаралды. 

Бұл бойынша тиісті ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшыларының баяндамалары тыңдалды. 

Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Арман Сәбитов дербес бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың іс жүзінде орындалуын қамтамасыз етуге нақты шаралар қабылдауды тапсырды. Бұдан бөлек, жемқорлыққа жол берген әрбір тұлғаға заң шеңберінде жауапкершілік қарастырылғанын жеткізді. 

Сондай-ақ, жиын соңында қатысушылар кезекті комиссия отырысының келер жылдағы жоспарлары жайлы өз ойларын ортаға салды. 

Шақпақ ауылына газ берілді
Инвесторлармен кездесу өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу