Шақпақ ауылына газ берілді

Oinet.kz 23-12-2024 34

image.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Алғабас ауылдық округінің орталығы Шақпақ елді мекеніне табиғи газ берілді. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков, аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов табиғи газдың қосылу рәсіміне қатысып, ауыл тұрғындарына құттықтауларын жеткізді.

- Облысымызда көптеген ауқымды істер қолға алынып, түрлі нысандардың құрылысы жүргізіліп ел игілігіне пайдалануға беріліп жатыр. Соның бірі бүгін Бәйдібек ауданы Шақпақ елді мекенінде жүзеге асуда. Өздеріңіз көріп тұрғандай көгілдір отын босатылып қуанышты сәттің куәсі болып отырсыздар. Осы орайда баршаңызды газ құрылысының іске қосылуымен және келе жатқан Жаңа жыл меркесімен құттықтаймын, – деді Нұрбол Әбдісаттарұлы.

Шақпақ елді мекенін табиғи газбен қамту мақсатында «Жарқын - Б» ЖШС-і тарапынан 16,625 шақырымға газ желісінің құбырлары жүргізілді. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары аяқталған, 427 үй «көгілдір отынмен» қамтылады.

Айта кетейік, ағымдағы жылы ауданда 8 елді мекенге табиғи газ берілсе, жыл соңына дейін 7 елді мекенді газға қосу жоспарлануда. 1 елді мекеннің ішкі газ жүйелерінің құрылысы 2025 жылға өтпелі. 

Сонымен қатар, 2 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстарына жоба әзірленіп, жоғары тұрған бюджеттен қаржыландыруға өтінімдері ұсынылса, 8 елді мекенге жеткізуші және ішкі газ тораптарының құрылысына жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленуде. 

Түлкібаста мемлекеттік бағдарлама аясында екі қолға бір күрек тапқандар көп
Жемқорлықпен күрес- елге қосқан үлес
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу