Түлкібаста мемлекеттік бағдарлама аясында екі қолға бір күрек тапқандар көп

Oinet.kz 20-12-2024 28

image.png

Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауында экономикалық дамуға ерекше тоқталып өткен болатын.Ең бастысы, елді жұмыспен қамту. Өнеркәсіп орындарын ашып, жұмыс орындарын құру. Президенттің тапсырмасына сәйкес, елімізде мемлекеттік бағдарламалар арасында жастардың тегін оқуына, жұмыспен қамтылуына, кәсіппен айналысуына арнайы бағдарламалар  молынан қарастырылған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте халықты, жастарды жұмыспен қамту – Үкімет үшін аса маңызды міндет екенін айтты.

Осы орайда Түлкібас ауданында оқу орнын бітірген жастардан бастап, пробация есебінде тұрған азаматтар, мүгедектігі бар жандар, зейнетке шыққан тұрғындарға дейін мемлекеттік бағдарламалр аясында жұмысқа орналасып, табыс табуда. 

Айталық Келтемашат ауылдық округінің тұрғыны, Светошев Михаил  “Бес-Жал” өндірістік кооперативіне  «Күміс жас» бағдарламасымен жолданған. Қазіргі таңда тиісті жұмыстарын абыроймен атқаруда. Михаилдың ауылдасы Жаңабаев Нұрпапа да “Бауыр” өндірістік кооперативіне «Күміс жас» бағдарламасымен жолданған. Кооператив жұмысына бейімделген ол мемлекеттік бағдарламаға, мамандарға айтар алғысы шексіз. 

"Күміс Жас"  жобасына ағымдағы  жылы ауданға 130 азаматқа ұйымдастыру жоспарланып, осы жылдың басынан шілде айына дейін 130 адам жолданып, жылдық жоспар 100 пайызға орындалған.   Бұл жобаға 50 жастан асқан жұмыссыз азаматтар қатыса алады дейді мамандар.

“Күміс жас” жобасына қатысушылар үшін төленетін еңбекақы төлеуді жұмыс беруші еңбек шартында белгіленген мөлшерге сүйене отырып, нақты жұмыс істеген уақыты үшін ай сайын жүзеге асырады:

-Қатысудың алғашқы 12 айындағы жалақы мөлшері-70%, бірақ 30 АЕК-тен аспайды. 13 айдан бастап 24 айға дейін жалақы мөлшерінен-65% бірақ 30 АЕК-тен аспайды. 25 айдан бастап 36 айға дейін жалақы мөлшерінен-60% бірақ 30 АЕК-тен аспайды. Міндетті шарт:бағдарлама аяқталғансоң тұрақты жұмыспен қамтылуы тиіс. 

Азаттық ауылының түрғыны Абдухакимов Ифтихор болса  “Алғашқы жұмыс орны” бағдарламасымен Мансап орталығына жұмыссыз ретінде тіркеліп, “Сулейманова М.М.” жеке кәсіпкерлігіне “даяшы” мамандығына жұмысқа жолданған болатын.  Қазіргі таңда тұрғын тұрақты жұмысы арқылы отбасын асырап отырған жайы бар.  Шарафкент ауылының түрғыны Жасыұзақ Бақдәулет аталған бағдарлама аясында аудандық  Мансап орталығына жұмыссыз ретінде тіркеліп, “Сәулет” жеке кәсіпкерлігіне “монтаждаушы” мамандығына жұмысқа жолданған. Әріптестрінің айтуынша Бақдәулет өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, жұмысына тиянақты қызметкердің бірі екен. “Алғашқы жұмыс орнына“ - еңбек өтілімі болмаған, 35 жасқа дейінгі жұмыссыз жастар қатыса алады.

Халықты жұмыспен қамту бойынша ұлттық жобалардың ішінді тұрғындардың көңілінен шығып, қатысу дейңгейі жоғары болған бағдарлама ол өз кәсібіңді бастауға берілетін қайтарымсыз мемлекеттік грант болып табылады. Бұл «Аш адамға балық берме, қармақ бер» деген қазақ атамыздың тұжырымдамасына сәйкес келеді. Аталған жоба арқылы ауданда атаулы  әлеуметтік көмек алушылардың қатары азайып, керісінше өз кәсібін ашқан кәсіпкерлер саны артқан. Олар өзін де өзгені де жұмыспен қамтып отыр. Солардың бірі   Базарбаева Айжан. Ол  2024 жылдың мамыр айында «Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында “Мемлекеттік қайтарымсыз грант” алған болатын. Қазіргі таңда бизнес жобасына сәйкес “Тігін шеберханасы” кәсібін өрбітіп отыр. Ал Көпжасаров Талғат болса  мемлекеттен алған қайтарымсыз грант қаражатын құс шаруашылығын жүргізу үшін алған. Бүгінде оның қорасында құс басы көбейіп, бизнес жобасына сәйкес кәсібі алға жылжып келеді. Досымбетов Бахыт та ағымдағы  жылдың маусым айында «Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында “Мемлекеттік қайтарымсыз грант” алған болатын. Қазіргі таңда бизнес жобасына сәйкес “Жылыжай” кәсібін өрбітіп отыр.

«Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында “Ақылы қоғамдық” бағдарламасы арқылы   аудандық Мансап орталығында жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрған, Т.Рысқұлов ауылының тұрғыны  Анартаев Сұлтан Нұркенұлы “Түлкібас аудандық кәсіподақ комитетіне” қосалқы жұмысшы ретінде жұмысқа жолданған болатын. 

Бүгінде тұрақты жұмысының арқасында табыс тауып отыр. 

Айта кетейік, “Ақылы қоғамдық“ - бағдарламасына жұмыссыз азаматтар (ша) қатыса алады.

Елдегі жұмыссыздықпен күресте оң нәтиже беріп келе жатқан бағдарламалардың бірі  «Әлеуметтік жұмыс орны». Аталған  бағдарлама аясында  жұмыссыз ретінде тіркеліп тұрған Т. Рысқұлов ауылының тұрғыны Әбдіразақова Жанна “ Bereke Tulkibas” ЖШС-не Кассир болып жолданған болатын. Жаннаның айтуынша қазіргі жұмысы өзіне ұнайды, жалақысы да көңілінен шығатын көрінеді. 

Дәл осы бағдарламамен Т. Рысқұлов ауылының тұрғыны Байзақова Жанира  " MURAGER" ЖК-не Типограф-баспагер болып жолданған болатын. Қызықты жұмысты тез меңгеріп алған ол қазір білікті мамандардың біріне айналған.  “Әлеуметтік жұмыс орны“ - бағдарламасына жұмыссыз азаматтар(ша) қатыса алады. 

  Үкімет жастарды да жұмыссыз қалдырмайды. Жастар үшін «Жастар практикасы» үлкен демеу болып отыр.  Аталған бағдарлама аясында бұған дейін  жұмыссыз ретінде тіркелген Т.Рысқұлов ауылының тұрғыны Төребек Гүлназ "NUR-FARI 1" бастауыш мектебіне бастауыш сынып мұғалімі болып жұмысқа жолданған. Қазіргі таңда, бекітілген жетекшісінен тәлім алып, тиісті жұмыстарын абыроймен атқаруда.

Уникальное лазерное шоу впервые прошло в Казахстане
Шақпақ ауылына газ берілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу