Қазығұрт ауданында Жолдау жүктеген міндеттерді орындау жайы талқыланды

Oinet.kz 03-09-2024 37

Қазығұрт ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауы ел ішінде қызу талқылануда. Қазығұрт ауданы әкімінің міндетін атқарушы Мұхамедғали Әшірбаев әкімдіктің мәжіліс залында Президентіміздің Жолдауында жүктелген міндеттер мен тапсырмаларды аудан көлемінде тиянақты орындау жайын сөз етті. Ол жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, дербес бөлімдер мен мекемелердің басшылары, құқық қорғау органдарының басшылары, ауданның бас имамы, ауыл округі әкімдері, аудандық Қоғамдық кеңестің мүшелері, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы мен мүшелері, «Әжелер алқасы» ұйымының мүшелері, басқа да қоғамдық ұйымдардың мүшелері қатысты. 

Screenshot_8.jpg

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жариялады. Президент сөзінің басында Парламент өткен сессияда 102 заң қабылданғанын атап өтті. Олардың қатарында қоғамдық бақылауға, адам саудасына қарсы күреске, ғылым және технология саясатына, жылу энергетикасына қатысты және басқа да заңдар бар. Мемлекет басшысының айтуынша, әлеуметтік салаға, соның ішінде балаларды қорғау ісіне айрықша көңіл бөлінген.Президент халықтың әл-ауқатын жақсартуға септігі тиетін басқа да көптеген шара қолға алынғанына назар аударып, арқаны кеңге салуға болмайтынын, алдымызда әлі талай ауқымды жұмыс тұрғанын айтты.

«Қазақстан халқы қазір мүлде жаңа саяси жағдайда өмір сүруде. Соңғы 5 жылда ауқымды реформалар жасалды. Еліміздің саяси жүйесі түбегейлі өзгерді. Жұрттың сана-сезімінде бетбұрыс болып жатыр. Халықтың құқықтық мәдениеті артып келеді. Азаматтардың бойында жаңа әдеттер, дағдылар қалыптасып, жаңа құндылықтар орнығуда. Саяси және қоғамдық болмысымыз, менталитетіміз және мәдени кодымыз өзгере бастады. Бір сөзбен айтсақ, Әділетті Қазақстан құрылып жатыр. Мұның бәрі, ең алдымен, халықтың қалауымен жасалуда. Сондықтан біз алған бетімізден қайтпаймыз, бағытымыздан таймаймыз», деді мемлекет басшысы. Біз осы ұстанымдарды басшылыққа алып, Мемлекет басшысының Жолдауда айтқан бастамалары мен бұған дейінгі жолдауларынан және сайлау алдындағы бағдарламасынан бастау алған реформаларды одан әрі дамытуға тиіспіз, - деді Мұхамедғали Әшірбаев өз сөінде.

Жиын барысында салық жүйесін мұқият ойластыра отырып қайта жүктеу, шағын және орта бизнесті қолдауға арналған шаралар топтамасын оңтайландыру, ауыл шаруашылығы өнеркәсібі үшін қолжетімді несие беру, әділ әрі тиімді тариф саясатын жүргізу, көлік инфрақұрылымын жаңғырту, білікті мамандар даярлау, жасанды интеллектіні дамыту және жаппай цифрландыру, азаматтардың қауіпсіздігін жан-жақты қамтамасыз ету сияқты бағыттарда жұмыс жүргізу жайы талқыланды. 

Жиында аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманбай Омаровта сөз сөйлеп, Жолдаудың маңыздылығына тоқталды. «Бұл Жолдауда Президентіміз азаматтардың тұрмысын жақсартуды көздейтін жүйелі экономикалық өзгерістерге баса назар аударып отыр. Президент атап өткен барлық тоғыз басымдық мемлекеттік саясатты дәл осы міндетті орындауға жұмылдырады. Жолдауда жүзге жуық түрлі бастамалар, ұсыныстар және тапсырмалар бар. Соның барлығын аудан көлемінде сапалы әрі уақытылы орындау маңызды» деп атап өтті.

 Қазығұрт ауданының құрметті азаматы Н.Аширов Президентіміздің Атом электр станциясын салу туралы референдум өткізу туралы ұстанымын қолдайтындығын жеткізді. «Президент Жолдауында еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты мәселелерді мәлімдеді. Сонымен қатар қоғамда резонанс тудырған АЭС салу тақырыбын да қозғады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда атом электр стансасын салу жөніндегі жалпыхалықтық референдумды биылғы 6 қазанда өтетіндігін айтып, кеше Жарлыққа қол қойды. Өздеріңіз байқап отырғандай, қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп барады. Елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет. Сондықтан біз атом энергетикасын дамытуға баса мән беруіміз керек деп ойлаймын», деді ол. 

Жиынның қорытындысында Қазығұрт ауданы әкімінің міндетін атқарушы Мұхамедғали Әшірбаев Президент Жолдауда айтылған міндеттердің маңыздылығын, оны қоғамда түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек екенін жеткізді. 

Халықтық штаб өкілдері Келес ауданында білім саласының қызметкерлерімен және спортшылармен кездесті
Қазұғырт ауданы тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу