«Қарызсыз қоғам» Қарабұлақ пен Арыста
16-20 қыркүйек күндері аралығында Сайрам ауданының Қарабұлақ, Арыс ауылдық округтерінде «Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша түрлі шаралар ұйымдасырылды. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аудан аумағындағы ауылдық округ тұрғындарына арналған оқу семинарына денсаулық сақтау, білім, өкіметтік емес ұйымдар, зейнеткерлер, мүгедектігі бар жандар және ауыл тұрғындары, жалпы Қарабұлақ ауылдық округінде 118, ал Арыс ауылдық округінде 80-ге жуық азамат қатысты.
Аталған жоба аясында «Ұлы дала» ассоциациясы «Қарызсыз қоғам» жобасының қаржы сарапшысы, кәсіпкер Амиралиева Айгерім Алиқызы тұрғындарға арналған оқу семинарын өткізді. Өз кезегінде, қаржылық сауаттылықтарын арттырған азаматтарға біліктіліктері бойынша арнайы сертификаттар табыс етілді.
Бұдан бөлек, «АМАNАТ» партиясы Сайрам аудандық филиалының кеңесшісі Гуломжон Ирискельдиев, Сайрам ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі Гүлсара Ташимова, Қарабұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының кәсіпкерлік саласы бойынша бас-маманы Бахрамжон Имамов жобаны жүзеге асыру аясында семинарға белсене атсалысты.
Оқыту-семинары соңында Айгерім Алиқызы тұрғындардың ұсыныстары және сұрақтары бойынша жеке қабылдау өткізді. Оларға заң аясында ақыл-кеңестер айтып, пайдалы мағлұматтармен бөлісті.
Айта кетейік, оқу барысы ағымдағы жылдың 20 қыркүйегіне дейін Арыс ауыл округінде жалғасын табатын болады.