Сайрам: Отбасылық деректерді өзектендіру мәселесі қаралды

Oinet.kz 22-09-2024 62

 6385003a9db9f227019800.jpeg

Сайрам ауданы әкімдігінде өткен аппараттық мәжілісте ауданда қолға алынған жобалар, жалпы әлеуметтік даму мәселелері талқыланды.  Аудан әкімі Арман Сәбитовтің төрағалығымен өткен жиында екі мәселе қаралды. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алдымен аудан әкімінің орынбасары Убайдуллаев Шухратулла Аззатуллаұлы Отбасының цифрлық картасында Д және Е санатындағы отбасылардың деректерін өзектендіру мәселесі туралы бойынша баяндады. Бұл деңгейлердегі отбасыларға және ОЦК ақпараттық жүйенің мәліметтерін өзектендіру бойынша облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаевпен алгоритм бекітіліп, бүгінде тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді. Атап айтқанда, «Отбасының цифрлық картасында» Д және Е санаттағы отбасыларының санын төмендету» бойынша аудандар мен қалаларға әдістемелік, практикалық көмек көрсету үшін құрылған облыстық мобильді топ мүшелері жуырда Сайрам Ауданы Мансап Орталығының ғимаратында ауылдық округтердегі медицина, білім және ветеринария бөлімінің мамандарының қатысуымен семинар өткізілді.

Келесі кезекте аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Бахадир Олжаев «Ауыл Аманаты» ауыл тұрғындарының табысын арттыруға арналған Ұлттық жобасы аясында 2023 жылда атқарылған жұмыстар және 2024 жылға жоспары туралы баяндама жасады. Аталған бағдарлама аясында Манкент, Қарамұрт, Қарасу, Арыс ауылдық округтерінде тұрғындардың мал, құс және балық шаруашылықтарын дамыту бойынша қаржыландырылу барысына тоқталды.

Жиын соңында аудан басшысы Арман Сәбитұлы ауыл әкімдеріне Отбасының цифрлық картасында Д және Е санатындағы отбасыларды тізімдегі мекенжайы бойынша аралау жұмыстарын тез арада аяқтауды, Орталық ауруханалар, білім бөлімі, ветеринария қызметі, көші-қон қызметі ұсынылған тізімдер бойынша азаматтарды өзектендіруді тапсырды.

Сондай-ақ, «Ауыл Аманаты» бағдарламасына ұсынылған нысандарға жүйелі зерделеу жұмыстарын жүргізуді жүктеді.


«Қарызсыз қоғам» Қарабұлақ пен Арыста
Сайрам: Шенеуніктер антикормен мәселе талқылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу