Сарыағашта екі «Жайлы мектеп» салынуда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Түркістан облысында «Жайлы мектептер» бой көтеруде. Солдардың екеуі Сарыағаш ауданында салынуда. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Аудан басшысы Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласындағы қос «Жайлы мектептің» құрылыс жұмыстарының жай-күйімен танысты. Алдымен аймақ басшысы Оспанов көшесінің бойындағы білім беру ордасына барды. Бүгінгі таңда мектеп ғимаратының ішкі сылақ және электр жүйесін жүргізу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы құрылыс жұмыстарына 35 адам жұмылдырылған.
Келесі кезекте аудан әкімі Телемұнара шағын ауданында салынып жатқан «Жайлы мектептің» құрылыс жұмыстарын бақылады. Қазіргі таңда мектеп ғимаратының ішін сылау, ішкі электр жүйелерін және желдету жүйесін орнату жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ білім беру ордасында кәріз және ауыз су жүйесі толық іске қосылған. Осы жоба аясында Сарыағаш ауданында 10 мектеп салу жоспарланған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Сарыағаш ауданы, Қызылжар ауылдық округіне қарасты Қазыбек би, Әйтеке би, Достық, Жеңіс, О.Есенбеков, И.Жансүгіров, Мекенбай ата көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. Жолдардың жалпы ұзындығы 4,7 шақырым.
Аудан әкімі Арман Абдуллаев асфальт төсеу жұмыстарының барысын қадағалап, жол құрылысын жүргізіп жатқан мердігер мекемеге асфальт төсеу жұмыстарының сапалы болуын және белгіленген уақытта халық игілігіне берілуін тапсырды. Айта кетсек Қызылжар ауылдық округі бойынша жергілікті бюджет есебінен жалпы ұзындығы 7,3 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.