«Таза Қазақстан»: Сенбіліктер жалғасуда

Oinet.kz 13-09-2024 32

2.jpg 

Президенттің бастамасымен жалғасып жатқан «Таза Қазақстан» экоакциясы Түркістан облысының аудандарында қызу өтуде.

Сайрам ауданындағы Ақсукент ауылында орналасқан «Дендросаябақта» ауқымды тазалық шарасы ұйымдастырылды. Сенбілікте саябақ аумағындағы қураған ағаштардың бұтақтары қырқылып, шөптер шабылды. Сондай-ақ, ағаш көшеттерінің түптері қопсытылып, суғарылды. Одан бөлек, саябақ аумағы бейберекет тасталған күл-қоқыстардан тазартылды.

Тазалық жұмыстары аудан, ауылдық округ әкімдіктері мен «Көрікті Сайрам» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің қатысуымен өтті. Сондай-ақ, сенбілікке аудан жастарымен қатар БАҚ өкілдері де атсалысты. Жалпы атқарылған жұмыстарға 1350-ден астам адам мен 4 техника жұмылдырылған. Нәтижесінде 12 тонна қоқыс арнайы аумаққа шығарылды.

Сарыағаш қаласының орталық көшелерінің санитарлық-тазалық жұмыстарына жауапты "Таза қала" мекемесі бекітілген кестеге сәйкес, Торғай көшесінің бойындағы науаларды (лоток) тазалау, шөп ору, бей-берекет шашылған күл-қоқыстарды алып кету жұмыстарын жүргізді. Жалпы тазалық жұмыстарына 25 жұмысшы, 3 техника жұмылдырылды.

Түркістан қаласында 800-ге жуық адамның қатысуымен кезекті сенбілік өтті. Тазалық шарасына шаһардағы 6 сектор тұрғындары, экобелсенділер мен қала жастары атсалысты. «Таза Қазақстан» экологиялық шарасы аясында өткен сенбілікте Б.Саттарханов даңғылы, 9-11, Б. Майлин, Жарылқапов, Тынышқұлов көшелерімен қатар, Қызылорда тас жолы бойындағы қураған шөптер мен күл-қоқыстар тазартылды.

Жиналған қоқыстарды тасымалдауға коммуналдық мекеме қызметкерлері мен 8 техника жұмылдырылды. Жалпы 125 тоннадан астам қоқыс арнайы аумаққа шығарылды. Сонымен қатар, Жаңа қала аумағындағы көпқабатты тұрғын-үйлер мен коммерциялық нысандар бойынша анықталған кемшіліктер ретке келтірілді.

Шардарада аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың тапсырмасына сәйкес, сала қызметкерлері мен еріктілері күнделікті тазалық жұмыстарын атқаруда. Олар ретсіз өскен шөптерді шабу, ағаштар мер гүлдерді суғару, көшелер мен аяқжолдарды қоқыстан тазарту, абаттандыру және саябақтарды реттеу жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде. Бұл ең алдымен аудан тұрғындарының таза, әрі қолайлы ортада өмір сүруіне жағдай жасап, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға өз септігін тигізеді.


«Өнерлік өлке»: Ұлттық құндылықтар дәріптелді
Сарыағашта екі «Жайлы мектеп» салынуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу