Сайрам: Инвесторларға қолдау көрсетілуде

Oinet.kz 05-09-2024 17

22.jpg 

Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитовтің төрағалығымен Сайрам ауданында 2024-2025 жылдары жеке инвестиция есебінен іске асатын жобаларды жүзеге асыру бойынша жиын өтті. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімнің баспасөз қызметі хабарлады.

Жиынға тиісті сала және дербес бөлім басшылары және жеке инвесторлар қатысты. Өз кезегінде, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Бахадир Олжаев аталған тақырып аясында баяндама жасады.

Баяндама барысында жобалар мен жұмыс орындарының сандық көрсеткіштеріне және инвестициялық құнына тоқталды. Сондай-ақ, «NURYM GROUP» ЖСШ құрама жем зауыты мен ЖК УБАЕВ ауыл шаруашылығы жануарларын сою кезінде қалған қосалқы өнімдерін (қан, сүйек, ішек қарын) қайта өңдеу құрылысының, «МЕAT MAGNAT» АШ ӨК 10 000 мал басына арналған заманауи бордақылау алаңы, мал сою цехы, салқындатқыш қоймалар, тоңазытқыш камералар және ет өңдейтін цехтың, «GЕN GROUP KAZAKHSTAN» ЖШС жылыжай кещенінің, «Bunker» сауда, ойын-сауық кешенінің, «KUZOV KARABULAK» ЖШС автобөлшектер шығаратын, тағы басқа көптеген кәсіпорындардың қазіргі жағдайына тоқталды.

Кәсіпкерлермен кездескен аудан әкімі Арман Сәбитұлы тиісті сала басшыларына оларға қолдау танытуды тапсырды.


Сайрам: Түлектер мемлекеттік қызметке орналасуда
Нашақорлық—қоғам қасіреті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу