Қайтарымсыз грант-- кәсіптің бастауы
Бүгінде Кентау қаласында мемлекеттік қолдауға ие болып, кәсіп ашқандардың қатары көбейіп келеді. Солардың бірі қоқысты кәсіп көзіне айналдырған - Гүлназ Жайықбаева.
Ол 1 млн 500 мың теңге көлеміндегі мемлекеттік грантты жеңіп алып, қалдықтарды жинайтын құрылғы сатып алған. Қазіргі таңда қоқыстарды сұрыптап, арнайы зауытқа өткізеді. Алдағы уақытта қалдықтарды ұнтақтайтын техника сатып алып, пластмассадан түрлі зат шығаруды жоспарлап отыр.
Кәсіпкердің сөзінше, ол пластикалық бөтелке, қатты қағаздар, пластмасса жәшіктері мен полиэтилен қапшықтарын қабылдайды. Сондай-ақ, ол кәсібі арқылы қала тазалығын сақтауға үлес қосып жүр. Бүгінде қала тұрғындары қатты қалдықтарды Гүлназға келіп өткізеді.