АЭС салуға қатысты байыпты шешім қажет

Oinet.kz 05-09-2024 73

6.jpg 

Осыған байланцысты жуырда Түркістан облысының «Азаматтық Альянс» ЗТҚ бірлестігінің ұйымдастыруымен «Энергия тапшылығын төмендетудегі АЭС рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға «Бітімгер» медиаторлар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақытжан Бейсембаев модераторлық етті. Жиынға үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысып, ғаламдық мәселеге айналған энергия тапшылығы жайында пікір алмасты.

Естеріңізге сала кетейік, ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы 2-қыркүйек күні жариялаған Қазақстан халқына Жолдауында ағымдағы жылдың 6-қазанында АЭС құрылысы жөнінде референдум өтетінін мәлімдеген еді.

Президент халыққа арнаған Жолдауында:

-- Біз еліміздің өзіне тән ерекшелігін және ұзақ мерзімге арналған ұлттық мүдделерімізді ескере отырып, тек алға қарай жүруіміз қажет. Бір сөзбен айтсақ, болашақты ойлауымыз керек. Сондықтан мен атом электр стансасын салуға қатысты барынша байыпты шешім қабылдау қажеттігін ұдайы айтып келемін. Стратегиялық жоспарларды қоғамда кеңінен талқылау керек деп санаймын. Ел өміріндегі әрбір маңызды қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалуға тиіс. Атом электр стансасы туралы референдумға қатысты да дәл солай болуы керек. Былтыр мен бұл мәселе бойынша өз пікірімді айттым, яғни, референдум тақырыбының қоғам талқысына түскеніне бір жыл болды. Бұл азаматтарымыздың жан-жақты ойланып, салмақты шешім қабылдауына жеткілікті мерзім деп ойлаймын. Сондықтан мен Үкіметтің ұсынысын қолдаймын,--деген болатын.


«Таза Қазақстан»: Мақсат-туған жерді көркейту
«Өнерлі өлке»: Созақтың мәдениет күндері басталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу