«Таза Қазақстан»: Мақсат-туған жерді көркейту

Oinet.kz 05-09-2024 73

5.jpg 

Түркістан облысында Мемлекет басшысының тапсырмасымен басталған «Таза Қазақстан» экоакциясы қызу жалғасуда. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

 Сауран ауданы, Шорнақ ауылдық округі, Аша елді мекенінде «Таза Қазақстан» шарасы аясында 200-ге жуық адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті. Сенбілікке ауданға қарасты 12 ауылдық округтен азаматтар қатысып, елді мекеннің басты көшелеріне тазалық жұмыстары жүргізілді. Бұл бағыттағы асарлату мақсатымен өткізілетін сенбілік апта сайын әр ауылдық округте тұрақты жалғасын тауып келеді.

Экологияны қорғау, тазалықты сақтау, туған жерді көркейту мен көгалдандыруға баса мән беру бастамасымен ұйымдастырылып жатқан сенбілік жұмыстарына 6 техника жұмылдырылды. Елді мекеннің орталық көшелері мен автожол бойлары қоқыстардан тазаланып, шөп ору, ағаштарды бұтау мен түптерін әктеу жұмыстары жүргізілді. Тазалық жұмыстары нәтижесінде 15 тонна қоқыс шығарылды. Тазалықты басты қағидаға айналдырған саурандықтар сенбілік жұмыстарын тұрақты түрде жалғастырып келеді.

Ордабасы ауданында “Таза Қазақстан” шарасы аясындағы тазалық, абаттандыру жұмыстары жалғасын табуда. Шұбарсу елді мекендерінде жолдың бойларындағы қоқыстар мен ретсіз жатқан құрылыс материалдары жиналды.

Жалпы ауданда жастардың қатысуымен 23 сенбілік өтіп, 1 104 жас қатыстырылды. Сондай-ақ, облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттері ретке келтіріліп, аулалары тазартылды. Ұйымдастырылған тазалық шаралар барысында жалпы көлемі 394 тоннаға жуық күл-қоқыстар шығарылып, 20 техника жұмылдырылды. Бұдан бөлек, 17 257 тал түптері әктеліп, бұтақтары кесілді

 


Кентау: Грантқа—шағын цех
АЭС салуға қатысты байыпты шешім қажет
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу