«Өнерлі өлке»: Созақтың мәдениет күндері басталды

Oinet.kz 06-09-2024 73

7.jpg 

      Түркістанның төрі күн сайын мерекеге ұласуда.

  Түркістандағы Этноауылда «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Созақ ауданының мәдениет күндері басталды.

Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, шара барысында ұлттық спорт ойындары насихатталды. Оның ішінде, қол күрес, гір көтеру, еркін күрес, асық ату сынды сайыстар өткізіліп, жүзден жүйрік деп танылған балуандарға арнайы сыйлықтар табысталды. Бұдан бөлек, шарада қылқалам шеберлерінің туындылары мен кітаптар көрмесі өтіп жатыр.

Айта кетейік, бүгін сағат 19:00-де «Керуен сарай» кешенінде аудан өнерпаздарының мерекелік гала-концерті өтеді. Шараға елімізге танымал «Әзіл әлемі» театрының актері Аманғали Спабеков, эстрада жұлдыздары Зарина Омарова, Бағдат пен Дима және «RIO» тобы қатысады. Ал кешті «Байдың балалары» жайдарман тобының капитаны Нұрым Досбол мен жайдарманшы Жанболат Досбол жүргізеді.

 


АЭС салуға қатысты байыпты шешім қажет
«Мәслихатқа 30 жыл»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу