Қарнақта шаруалар жазғы өнімдерін жинауда

Oinet.kz 27-07-2024 51

36.jpg 

Түркістан облысы Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылы ауылшаруашылық саласына бейім өңір. Бүгін де ауылдағы шаруа қожалықтар жазғы өнімдерін жинай бастады.

Соның бірі бірнеше жыл қатарынан мол өнім жинап келген «Тажиддин ата» шаруа қожалығы.

Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша,

жалпы аумағы 5 гектарды құрайтын қарқынды бау-бақшада алманың бес түрлі отырғызылған. Аталған қожалық 2016 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Арнайы алма өсіруге бағытталған бау-бақшаға жаздық алманың 3 түрінен 4 мың көшеті егілсе, күзгі алманың 2 түрінен 6 мың түп ағаш отырғызылған. Кәсіпкер отбасы мүшелерінен бөлек, басқа да ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр.

Шаруа қожалық иесі биылдың өзінде 100 тоннадан аса өнім алуды көздеп отыр. Болашақта жер көлемін 20 гектарға дейін ұлғайтып, жеміс түрін көбейтуді жоспарлап отыр.


«Таза Қазақстан»: Әр жұмада тазалық шаралары өтуде
«Таза Қазақстан»: Сенбілікке ардагерлер де атсалысуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу