«Таза Қазақстан»: Әр жұмада тазалық шаралары өтуде

Oinet.kz 27-07-2024 50

35.jpg 

"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық науқаны аясында Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараевтың тапсырмасымен аптаның жұма күндері тазалық шараларын өткізу бекітіліп, аудан аумағында жалпы аудандық сенбілік өтуде.

Тұрақты түрде өткізіліп жатқан тазалық шарасы бүгін де жалғасын тапты. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Жалпы 12 ауылдық округ пен 1 қалада ұйымдастырылған сенбілікке мекеме қызметкерлері, кәсіпкерлік нысан иелері, қоғам белсенділері атсалысты. Сенбілік барысында қатысушылар өздеріне бекітілген аймақтарды күл-қоқыстан, құрылыс заттарынан, ағаш бұталарынан, орылған шөп қалдықтарынан тазартты. Сондай-ақ, жол бойындағы жабайы тікендерді шауып, шөптерін орды.

Аталған шараға аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы арнайы қатысып, аудан аумағын абаттандыруға өз үлестерін қосқан азаматтарға алғысын жеткізді.

Тазалық шаралары нәтижесінде облыстық маңызы бар 35 шақырым, аудандық маңызы бар 42 шақырым жол бойлары, 65 шақырым ішкі көшелер тазаланды. Тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттырып, қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталған іс-шараға 500-ге жуық адам қатысты.


Шардарада жүгері зауыт салынуда
Қарнақта шаруалар жазғы өнімдерін жинауда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу