Шардарада жүгері зауыт салынуда
Түркістан облысы Шардара ауданында 500 адамды жұмыспен қамтитын жүгері өңдеу зауытының құрылысы жүргізілуде.
Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Өндіріс орны 2025 жылы толық іске қосылып, облыс аумағында ғана емес республика көлемінде танымал өнім шығаруға ниетті. Аудандағы индустриалды аймақта бой көтеріп жатқан «Казкрахмал» ЖШС-ға аудан әкімі Арман Қарсыбаев арнайы барып, құрылыс барысымен танысты.
«Бізге қазірден тәжірибелі мамандарды даярлау қажет. Зауыт іске қосылғанға дейін жұмыс істеуге ниетті жандарды ақылы түрде тәжірибеден өткізіп, Жаркент ауданындағы «Казкрахмал» зауытында жұмыс істеп, тәжірибе жинауға шақырудамыз»- деді зауыт өкілі Руслан Каримұлы.
Зауыт жобасымен танысқан өңір басшысы Арман Романұлы өндіріс орнына әкімдік тарапынан барынша қолдау көрсетілетінін жеткізді. Сонымен қатар, аудан әкімі тиісті сала мамандарымен бірге «Шардара-Шымкент» және «Шардара-Жаушықұм» автожолы мен «Болашақ» шағынауданынан ашылатын саябақтың құрылысымен танысты. 4 гектар аумақты қамтитын саябақтың құрылысы биыл аяқталады.