Кентау: Қоғамдық көліктер жаңаруда

Oinet.kz 16-07-2024 52

5.jpg 

Кентау қаласында қоғамдық көліктерді жаңарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. 2024 жылдың шілде айының 12 жұлдызында жолаушылар тасымалдаушы мекеме “Тұлпар-2030” ЖШС тарапынан жаңа 10 шағын автобус сатып алынды.

Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Сатып алынған шағын автобустар 16 орындық Газель-NEXT маркалы көліктері. Алдағы уақытта жаңа шағын автобустар қаладағы бағыттардың кесте санын толықтырып, шілде айының 17 жұлдызынан бастап, жолаушыларға қызмет көрсететін болады.

Жаңа қоғамдық көліктер №1, №3, №4, №6, №7 және Кентау-Құсшы ата-“Саяжай” бағытында қатынайтын болады. Сондай-ақ, 2024 жылдың І тоқсанында 5 қоғамдық көлік сатып алынған болатын. Олар қазіргі таңда, №1, №4, №10 бағыттарында қызмет көрсетуде. Жалпы жыл басынан 15 дана автобус және шағын автобустар ел игілігіне қызмет жасауда.


Кентау жылу орталығы облыс әкімінің бақылауында
Шардара: Биыл 1000 тонна қауын жиналды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу