Шардара: Биыл 1000 тонна қауын жиналды

Oinet.kz 16-07-2024 52

6.jpg 

«Ауыл шаруашылығы экономиканың драйвері». Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес Түркістан облысында бірқатар жобалар жүзеге асуда.

 Шардара ауданында биыл 9865 гектар жерге бақша өнімі егілген. Бүгінгі күні оның 2615 гектарынан 82 мың тонна өнім жиналған. Оның 1000 тоннасы қауын, 81 мың тоннасы қарбыз. Бақша өнімдері ішкі нарықтан бөлек Ресей еліне экспортталуда. Ауылшаруашылығы мамандарының пікірінше, биыл Шардара ауданында бақша өнімінің көлемі 260 мың тоннадан асады деп жоспарлануда. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Айта кетсек, ауданда арпа-бидай дақылын жинау науқаны аяқталды. Жалпы 1500 гектар алқапқа арпа егіліп, 4300 тонна өнім алынған. Сондай-ақ, биыл 1200 гектар жерге егілген бидайдан 3700 тоннадан астам астық жиналып, өнімділігі гектарына 31,1 центнерді құрап отыр.


Кентау: Қоғамдық көліктер жаңаруда
Түркістан: Сақтық шаралары күшейтілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу