Төлебиде каналдар тазаланды
Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараевтың жеке қабылдауларында тұрғындар тарапынан ағын су мәселесі жиі айтылады. Көктем айларында жауын-шашынның көп болуына байланысты өзендерде су деңгейі көтеріліп, көптеген канал бастарына айтарлықтай зақым келтірілген болатын. Осы орайда көтерілген мәселелерді шешу бағытында жыл басынан бері бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, «Қыр» каналының сынып жарамсыз болған 6 дана лотогының орнына 11 метрлік құбыр орнатылды.
Сонымен қатар, «Атбұлақ», «Озерный», «Планировочный» каналдары және «Кент» магистралды каналының 480 метр жері, аудан әкімдігінің ықпалымен «Қазсушар» республикалық коммуналдық меншігіндегі Тесіктас, Горный камень, Айналма және Блюскен-1 каналдарының 0,6 шақырымы қалпына келтірілді.
Сондай-ақ Көксәйек, Қасқасу, Қаратөбе, Қоғалы ауылдық округтеріне қарасты (Жіңішке, 8-март, Көксәйек, Кент, Қара-Шора, Ұзын, Таш, Төңкеріс) каналдарының 6,5 шақырымы, сондай-ақ, Науытсай, Жаманжар, Аққұм ішкі және Момынайтас каналдарының 12,5 шақырым жерлері механикалық тазаланды.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі