Н.Бадырақов: Тапсырмаларға салғырт қарамау қажет

Oinet.kz 27-10-2022 488

34.jpg

Түркістан облысы Ордабасы ауданының әкімі Нұрбек Бадырақовтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Бұл туралы Ордабасв ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Мәжіліс күн тәртібінде:

- Ауданның бюджет қаржысының орындалуы, 

-Жайылым жерлерді қайтару бойынша атқарылып жатқан жұмыс барысы; 

-Ауылдық округтердегі сыртқы көрнекі ақпарат құралдарының жай күйі және сайлауға байланысты көрнекі құралдарының іліну барысы туралы баяндамалар тыңдалды. 

Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Сихымбаева аудандағы салық түсіміне тоқталып, жыл соңына дейін бюджет қаржысының толығымен игерілетінін айтты. 

Аудандағы күрделі мәселенің бірі -жайылымдық жер. Аталған мәселе бойынша елді мекендердегі ортақ жайылым көлемін ұлғайту жоспары әзірленіп, әр айға жоспар кестесі бекітілген. Бүгінгі күні пайдаланылмай жатқан жер иелерімен меморандумға тұру жұмыстары жүргізілуде. Аудан басшысы кейбір ауыл әкімдері тарапынан халықпен түсіндірме жұмыстарының тиісті деңгейде жүргізілмей жатқандығын тілге тиек етіп, оларға заңға сәйкес шара көрілетіндігін ескертті.


Инфрақұрылым жұмыстары бақылауда
Дулат Исабековке құрмет көрсетілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу