Инфрақұрылым жұмыстары бақылауда

Oinet.kz 24-10-2022 280

33.jpg

Кентау қаласы Шұғыла мөлтек ауданындағы 6,7,8 көшелерінде инженерлік инфрақұрылым жұмыстары жүруде. Бүгінгі таңда аталмыш көшелерде электр желілері бөлігінің құрылыс жұмыстары жүруде. Электр желілерінің жұмыстарымен мердігер мекеме «Теплоэнергострой» ЖШС-мен келісім шарт түзіліп, мердігер тарапынан электр бағаналары орнын бұрғылау жұмыстары жасалуда

Сондай-ақ, «Шұғыла» мөлтек ауданындағы 6, 7, 8 көшелерінде бастау алған инженерлік инфрақұрылым құрылыс-монтаждау жұмыстарының жол бөлігі бойынша бас мердігер мекеме «ПК Шымкентдорстрой» ЖШС-гі анықталып, тиісті жұмыстарды атқаруда.

Қала әкімі Жандос Тасов атқарылып жатқан жұмыстарды бақылады. Мердігер мекемеге құрылыс жұмыстарын сапалы әрі тұрғындарға ыңғайлы жағын жоспарлап атқаруды, әр құрылыс өз уақытында жүзеге асырылу керектігін ескертті. Тиісті сала басшысына үнемі құрылысты бақылап отыруды тапсырды.

Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


Кентауда автошеру өтті
Н.Бадырақов: Тапсырмаларға салғырт қарамау қажет
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу