Ақтауда атом электр стансасы салынбайтын болды

Oinet.kz 20-04-2019 1069

Screenshot_2.jpg

Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев атом стансасын Ақтаудан аулаққа «лақтырып» тастаған сыңайлы. Әйтеуір, өңір басшысы осы жолы даулы стансаны жолатпауға барын салыпты. Бұл әрине, әкімнің маңғыстаулықтардың мұңын түсіне бастағанын білдірсе керек. «Әрине, соңғы кесімді шешім шыққан жоқ. Бірақ үш аймақ, соның ішінде Маңғыстау облысында үкіметтік комиссия болды. Маңқыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев өз баяндамасында бұлтартпас дәлел мен мысалдар келтірді, енді АЭС құрылысына байланысты Ақтаудың кандидатурасы қарастырылмайтын болды» дейді бұл жөнінде Сенат депутаты Михаил Бортник.

Бірақ Бортник мырза аталған отырысқа өзі қатыспаған. Сондықтан әкімнің келтірген дәйектерін нақты айта алмайды. Алайда «Жергілікті халық пен елді мекен тұрғындары үшін қобалжу үстінде, өйткені біз АЭС құрылысында бұрынғы артықшылықтарымызды жоғалтып алдық, мысалы, кадр мәселесі. Ал, Шығыс Қазақстанның Курчатов қаласында мұндай мамандар бар» деп өз болжамын айтады Сенат депутаты. 

2006 жылдың қарашасында Қазақстан Үкіметі Маңғыстау облысының Ақтау қаласынан 10 шақырымда орналасқан бұрынғы атом энергокомбинаты базасында (МАЭК) жылдам нейтрондармен жұмыс істейтін АЭС құрылысына дайындық жүргізу туралы қаулы шығарған. Қазір бұл өндірістің көзі жойылған, отыны кәдеге жаратылған, ал комбинаттың өзі "Қазатомөндіріс" ұлттық атом компаниясы қарамағына өткізіліп берілген. Сонымен қатар АЭС-ті ресейлік және еуропалық өндірістегі ВБЭР-300 орташа қуатты реакторы негізінде салу туралы шешім қабылданған. АЭС жобасының инвестициялық негіздемесін ресейлік сарапшылар 2009 жылдың соңына дейін аяқтаймыз деп сендірген болатын. Дегенмен 2009 жылдың ақпанында Қазақстан үкіметі бұл жобаны мерзімінен бұрын тоқтатты. Нақтырақ айтқанда, Ресеймен арада санаткерлік меншікті өткізіп алу туралы мәселені шешіп алғанға дейін бұл мәселе тоқтаған болатын.

Биыл қаңтарда Президент Н.Назарбаев Үкіметке 2014 жылдың І-тоқсанына дейін атом электр стансасы орналасатын жерге қатысты мәселені шешуді тапсырған. Сенат депутаты М. Бортниктің айтқанына сенсек, Ақтау атом электр стансасын салудан үміткер қалалардың қатарынан сызылып кетті. Ендігі үміткер қала қайсы? 

Мұрағаттан, 13.02.2014 ж

Таразда ЮНЕСКО үшін тарту көп
«Түркістан» анимациялық фильмі жарыққа шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу